https://sputnik.kz/20240606/zhyldamdyqty-zhii-asyratyn-taksi-zhurgizushileri-zholaushylar-tasymalynan-shettetilui-mumkin-44799215.html
Жылдамдықты жиі асыратын такси жүргізушілері жолаушылар тасымалынан шеттетілуі мүмкін
Жылдамдықты жиі асыратын такси жүргізушілері жолаушылар тасымалынан шеттетілуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 маусым - Sputnik. Жылдамдықты жиі асыратын жүргізушілер InDrive және Яндекс Go-мен жолаушыларды тасымалдаудан шеттетілуі мүмкін. 06.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-06T09:00+0500
2024-06-06T09:00+0500
2024-06-06T09:00+0500
такси
такси жүргізушісі
жылдамдықты асыру
https://sputnik.kz/img/07e5/06/10/17362356_28:0:3669:2048_1920x0_80_0_0_727fca5870c091a53d56e4457771ab6f.jpg
АСТАНА, 5 маусым - Sputnik. Жылдамдықты жиі асыратын жүргізушілер InDrive және Яндекс Go-мен жолаушыларды тасымалдаудан шеттетілуі мүмкін. Аталған шараларды көлік министрлігі мен inDrive, Яндекс Go арасында жасалған ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде жүзеге асыру көзделіп отырЖалпы көлік министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Яндекс Go және inDrive арасында қол қойылған Меморандум мобильді қосымша операторының такси тасымалдаушыларының автомобиль көлігі саласындағы заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз ету бойынша шараларды кезең-кезеңімен қабылдауын көздейді.Құжатты іске асыру аясында платформаның серіктес-жүргізушілеріне арналған онлайн және офлайн форматта тренингтер өткізу жоспарланып отыр. Оқыту барысында жол қозғалысы ережелері мен қалааралық автомобиль жолдарында қауіпсіздік ережелерін сақтау тақырыптары егжей-тегжейлі қарастырылатын болады.Меморандумды әзірлеу барысында көзделген басты мақсат – республикалық және жергілікті маңызы бар қалааралық автомобиль жолдарында, сондай-ақ қала ішіндегі тораптарда жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін арттыру.
https://sputnik.kz/20240516/kolik-zhurgizushileri-yandeks-taksimen-deldalsyz-zhumys-isteudin-tiimdiligin-aytty-44320390.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/10/17362356_483:0:3214:2048_1920x0_80_0_0_5408f88df21286fad672f7f151109cac.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
такси, такси жүргізушісі, жылдамдықты асыру
такси, такси жүргізушісі, жылдамдықты асыру
Жылдамдықты жиі асыратын такси жүргізушілері жолаушылар тасымалынан шеттетілуі мүмкін
АСТАНА, 5 маусым - Sputnik. Жылдамдықты жиі асыратын жүргізушілер InDrive және Яндекс Go-мен жолаушыларды тасымалдаудан шеттетілуі мүмкін.
Аталған шараларды көлік министрлігі мен inDrive, Яндекс Go арасында жасалған ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде жүзеге асыру көзделіп отыр
"Осылайша, қосымшаны пайдаланушы адамның берген бағасы мен жалпы рейтингке сүйене отырып, жылдамдықты жиі асыратын жүргізушілер жолаушылардан келіп түскен тапсырыстарды орындаудан уақытша немесе мүлдем шеттетілуі мүмкін. Сондай-ақ көлік жүргізушілеріне көліктің техникалық жағдайын тексеру қажеттігі жөнінде және қауіпсіздік белдіктеріне қатысты хабарламалар келіп тұратын болады", - делінген көлік министрлігі таратқан ақпаратта.
Жалпы көлік министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Яндекс Go және inDrive арасында қол қойылған Меморандум мобильді қосымша операторының такси тасымалдаушыларының автомобиль көлігі саласындағы заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз ету бойынша шараларды кезең-кезеңімен қабылдауын көздейді.
Құжатты іске асыру аясында платформаның серіктес-жүргізушілеріне арналған онлайн және офлайн форматта тренингтер өткізу жоспарланып отыр. Оқыту барысында жол қозғалысы ережелері мен қалааралық автомобиль жолдарында қауіпсіздік ережелерін сақтау тақырыптары егжей-тегжейлі қарастырылатын болады.
Меморандумды әзірлеу барысында көзделген басты мақсат – республикалық және жергілікті маңызы бар қалааралық автомобиль жолдарында, сондай-ақ қала ішіндегі тораптарда жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін арттыру.