Қайрат Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды

© Sputnik / Сергей КимКайрат Боранбаев
Кайрат Боранбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2024
Жазылу
Оның айтуынша, бүгінде Франция астанасы Парижде жалауын желбірететін Паралимпиада ойындарына қызу дайындық жүріп жатыр
АСТАНА, 3 маусым - Sputnik. Қайрат Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды. Бұл жаңалықты кәсіпкер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Достар, Паралимпиада федерациялары өкілдерінің бірауыздан қабылданған шешімімен мен Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті болып сайландым. Осы күні мені қолдағандардың барлығына алғыс айтқым келеді", - деп жазды Боранбаев.
Оның айтуынша, бұл өз үшін өте маңызды лауазым.
"Біз Қазақстандағы Паралимпиада қозғалысын дамыту жөніндегі ауқымды стратегиямызды жүзеге асыру үстіндеміз. Соңғы жылдары қол жеткізген барлық жетістіктерімізге қарамастан, әлі де көптеген жоспарларымыз бар. Қазақстан пара-спортшыларды кәсіби түрде дайындап, елдің беделін нығайта береді", - деді ол.
Оның айтуынша, бүгінде Франция астанасы Парижде жалауын желбірететін Паралимпиада ойындарына қызу дайындық жүріп жатыр. Жыл соңына дейін Астанада жаңа жаттығу орталығының құрылысы басталмақ. Сондай-ақ "Тарлан" инклюзивті мұз айдынын қайта жаңарту жоспарланып отыр. Бұдан бөлек паралимпиадашыларға арналған заманауи тренажерлер сатып алынбақ.
Еске салсақ, алты жылға сотталып, кейін жазасы жеңілдетілген Қайрат Боранбаев 2023 жылдың қараша айында бостандыққа шықты. Боранбаев пробация қызметінің бақылауында болады.
Бұған дейін Ақмола облысының соты 6 жылға бас бостандығынан айырылған Қайрат Боранбавтың жазасын жеңілдетіп, бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Қайрат Боранбаев 2022 жылы наурызда қамауға алынды. Ол квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаражат жымқырды деген күдікке ілінген.
Судебное разбирательство по делу Кайрата Боранбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2023
Боранбаев мемлекетке кен орны мен газ тарату компаниясын қайтарды
Жаңалықтар
0