Боранбаев мемлекетке кен орны мен газ тарату компаниясын қайтарды

© Sputnik / Владислав ВодневСудебное разбирательство по делу Кайрата Боранбаева
Судебное разбирательство по делу Кайрата Боранбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2023
Жазылу
Бұған дейін Назарбаевтың экс-құдасы Алматыдағы сауда орталығы мен фитнес-клубтар желісін қайтарған болатын
АЛМАТЫ, 19 қазан – Sputnik. Назарбаевтың экс-құдасы Боранбаев енді тау кен орны мен газ тарату компанияларын мемлекетке қайтарып жатыр, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.
Қайрат Боранбаевтың активтері тергеу кезінде ерікті ынтымақтастық түрде мемлекет кірісіне қайтарылып жатыр, дейді агенттік.
""Қаражанбас Северный" кен орны мемлекет меншігіне берілді, оның өндірістік параметрлері 2,6 млн тонна мұнай қоры бар 143 ұңғыманы және бағалау құны 35,4 млрд теңге болатын 13,2 млн текше метр газды құрайды", - дейді қаржылық мониторинг агенттігі.
Сондай-ақ құны 14 млрд теңге болатын газ тарату компаниясы да мемлекет меншігіне өтті.
"Боранбаевқа тауарлық газды тасымалдаумен және сатумен айналысатын "Азия газ Чунджа" газ тарату компаниясы да берілді. Компанияның нарықтық құны шамамен 14 млрд теңгені құрайды. Бұдан басқа, құны 9 млрд теңгеден асатын "ҚазТурбоРемонт сервистік орталығы" ЖШС мұнай-газ жабдықтарын өндіру және жөндеу зауыты мемлекет меншігіне өтеді. Кәсіпорын қызметкерлерінің штат саны-740 адам", - дейді ведомство.
Бұл нысандардың барлығы мемлекет пайдасына берілетін болады.
Қаржылық мониторингі агенттігі активтерді, оның ішінде шетелден іздеу және қайтару бойынша жұмысты жалғастыратын болады.
Айта кетейік, бұған дейін Назарбаевтың экс-құдасы Алматыдағы сауда орталығы мен фитнес-клубтар желісін қайтарған болатын.
Кайрат Боранбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2023
Назарбаевтың экс-құдасы Алматыдағы сауда орталығы мен фитнес-клубтар желісін қайтарды
Жаңалықтар
0