https://sputnik.kz/20240603/qasym-zhomart-toqaev-uqshu-ga-mushe-elder-parlamentterinin-spikerlerimen-kezdesti-44718973.html
Президент ҰҚШҰ-ға мүше елдер парламенттері палаталарының спикерлерімен кездесті
Президент ҰҚШҰ-ға мүше елдер парламенттері палаталарының спикерлерімен кездесті
Sputnik Қазақстан
ҰҚШҰ елдері парламенттік делегацияларының басшылары Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды 03.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-03T12:18+0500
2024-06-03T12:18+0500
2024-06-03T14:02+0500
ұқшұ
қасым-жомарт тоқаев
алматы
https://sputnik.kz/img/07e8/06/03/44718443_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_399aaf0e658422820a3b4e48226e7886.jpg
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблея Кеңесінің отырысына қатысушылармен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.Мемлекет басшысы заң шығару органдарының спикерлеріне ілтипат білдіре отырып, Ресейдің ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясына тұрақты мәртебе беру туралы ұсынысын қолдайтынын айтты. Президент басқа елдердің делегацияларын осы бастаманы қолдауға шақырды.Қасым-Жомарт Тоқаев парламентаралық диалог мемлекетаралық байланыстарды нығайту ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.Мемлекет басшысы бұл мәселеде Қазақстан өз ұстанымынан ешқашан айнымайтынын тағы да растады. Оның айтуынша, ұзақ жылға созылған қақтығыстың жалғыз шешімі – "қос халық үшін екі мемлекет" формуласы негізінде астанасын Шығыс Иерусалим деп белгілеп, Палестина мемлекетін құру. Сонымен қатар Президент палестиналықтардың Ұйымға мүше болу құқығын мойындау туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының биыл 10 мамырда қабылдаған қарарын құптады.
https://sputnik.kz/20240531/uqshu-qorganys-ministrleri-almatydagy-otyrysta-qanday-maseleni-talqylady-44684621.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/03/44718443_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_8311cc1187239ad55761d50f91ccc3c5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұқшұ, қасым-жомарт тоқаев, алматы
ұқшұ, қасым-жомарт тоқаев, алматы
Президент ҰҚШҰ-ға мүше елдер парламенттері палаталарының спикерлерімен кездесті
12:18 03.06.2024 (жаңартылды: 14:02 03.06.2024) ҰҚШҰ елдері парламенттік делегацияларының басшылары Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблея Кеңесінің отырысына қатысушылармен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы заң шығару органдарының спикерлеріне ілтипат білдіре отырып, Ресейдің ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясына тұрақты мәртебе беру туралы ұсынысын қолдайтынын айтты. Президент басқа елдердің делегацияларын осы бастаманы қолдауға шақырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев парламентаралық диалог мемлекетаралық байланыстарды нығайту ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
"Бүгінгі кездесу халықаралық ахуал тым шиеленіскен жағдайда өтіп отыр. Геосаяси текетірес өршіген кезде өңірлік қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатердің ауқымы да айтарлықтай өзгерді. Әлемдегі қақтығыс қауіпті деңгейге жетті. Әсіресе, Таяу Шығыстағы ахуал қатты алаңдатады. Газа секторында күн сайын жүздеген адам қаза тауып, жарақат алып жатыр. Олардың арасында қарапайым азаматтар, әйелдер мен балалар бар. Миллионнан астам бейбіт тұрғын қиын жағдайға тап болды. Барлық негізгі халықаралық ұйымдар Палестинадағы гуманитарлық ахуалды мүшкіл деп атады. Шын мәнінде, апатты жағдай шегіне жетуге таяп қалды", – деді президент.
Мемлекет басшысы бұл мәселеде Қазақстан өз ұстанымынан ешқашан айнымайтынын тағы да растады. Оның айтуынша, ұзақ жылға созылған қақтығыстың жалғыз шешімі – "қос халық үшін екі мемлекет" формуласы негізінде астанасын Шығыс Иерусалим деп белгілеп, Палестина мемлекетін құру. Сонымен қатар Президент палестиналықтардың Ұйымға мүше болу құқығын мойындау туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының биыл 10 мамырда қабылдаған қарарын құптады.