https://sputnik.kz/20240531/uqshu-qorganys-ministrleri-almatydagy-otyrysta-qanday-maseleni-talqylady-44684621.html
ҰҚШҰ қорғаныс министрлері Алматыдағы отырыста қандай мәселені талқылады
ҰҚШҰ қорғаныс министрлері Алматыдағы отырыста қандай мәселені талқылады
Sputnik Қазақстан
Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті 31.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-31T14:55+0500
2024-05-31T14:55+0500
2024-05-31T14:55+0500
ұқшұ
руслан жақсылықов
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1f/44670555_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_81acda01cb2f3309fe005bdb38d24712.jpg
АЛМАТЫ, 31 мамыр – Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлері кеңесінің пленарлық отырысында ҰҚШҰ күштерінің бірлескен дайындығын жоспарлауға, оларды заманауи қару-жарақпен, әскери және арнайы техникамен жарақтандыруға қатысты бірқатар құжат қабылданды.ҰҚШҰ қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы шағын құрамда басталып, онда ұйымның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік өңірлеріндегі әскери қауіпсіздікке төніп тұрған қауіп-қатерлер туралы баяндама жасады.Сондай-ақ ҰҚШҰ-ның әскери құрамдас бөлігін дамыту бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды."Олар оқу-жаттығуларды дайындау және өткізу, ұжымдық күштерді жарақтандыру, 2025 жылға арналған бірлескен оқу-жаттығу шаралары, бірлескен штабтың қызметі, сондай-ақ қаржыландыру мәселелеріне қатысты", - деп толықтырды Жақсылықов.Қорғаныс министрлері кеңесінің келесі отырысы осы жылдың қараша айында Астанада өтеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1f/44670555_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_0383b4096cc60fc12651e27ef4442fed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұқшұ, руслан жақсылықов
ҰҚШҰ қорғаныс министрлері Алматыдағы отырыста қандай мәселені талқылады
Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті
АЛМАТЫ, 31 мамыр – Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлері кеңесінің пленарлық отырысында ҰҚШҰ күштерінің бірлескен дайындығын жоспарлауға, оларды заманауи қару-жарақпен, әскери және арнайы техникамен жарақтандыруға қатысты бірқатар құжат қабылданды.
ҰҚШҰ қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы шағын құрамда басталып, онда ұйымның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік өңірлеріндегі әскери қауіпсіздікке төніп тұрған қауіп-қатерлер туралы баяндама жасады.
"Ұжымдық қауіпсіздік аймақтарындағы әскери қауіпсіздікке төніп тұрған қауіп-қатерлерге қатысты пікір алмасылды. Бірлескен шараларды әзірлеу мақсатында әскери-саяси жағдайды және оның даму тенденцияларын бақылау нәтижелері бойынша тұрақты ақпарат алмасуды жалғастыру туралы шешім қабылданды", - деді кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов.
Сондай-ақ ҰҚШҰ-ның әскери құрамдас бөлігін дамыту бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды.
"Олар оқу-жаттығуларды дайындау және өткізу, ұжымдық күштерді жарақтандыру, 2025 жылға арналған бірлескен оқу-жаттығу шаралары, бірлескен штабтың қызметі, сондай-ақ қаржыландыру мәселелеріне қатысты", - деп толықтырды Жақсылықов.
Қорғаныс министрлері кеңесінің келесі отырысы осы жылдың қараша айында Астанада өтеді.