Батыс Қазақстан облысында тасқыннан зардап шеккен 50 отбасы баспаналы болды

© AFP 2024 / EVGENIY LUKYANOVМасштабные паводки в Казахстане весной 2024 года
Масштабные паводки в Казахстане весной 2024 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2024
Жазылу
Су тасқынан зардап шеккен аудан тұрғындарына 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі әлеуметтік төлемдер жүргізілді
АСТАНА, 2 маусым - Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданында су тасқынынан зардап шеккен 66 отбасыға баспана сатып алынуда. Бүгін аудан бойынша 50 отбасы пәтерлеріне қоныс аударды. Қалған 16 тұрғынға жақын уақытта пәтерлер сатып алынады, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Бөрлі ауданы бойынша 60 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, әр үйдің ауданы 80 шаршы метр болады. Су тасқынынан зардап шеккен Ләйлә Жұмағалиева есімді көп балалы ана сатып алынған пәтеріне кіріп, мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмек үшін алғысын білдірді.
"Су тасқыны салдарынан Бөрлі ауданы Пугачев ауылындағы үйіміз жарамсыз болып қалды. Комиссияның қорытындысы бойынша Ақсай қаласынан үй сатып алуға келістік. Төрт бөлмелі пәтерге кіріп отырмыз. Енді қуанышымызда шек жоқ. Қолдауы үшін бірінші кезекте Президентімізге алғыс білдіреміз"- деді Ләйлә Жұмағалиева.
Сондай-ақ, су тасқынан зардап шеккен аудан тұрғындарына 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі әлеуметтік төлемдер жүргізілді. Бүгінде Бөрлі ауданы бойынша тұрмыстық заттар мен жиһаздардың шығынын өтеу үшін 168 отбасыға 63 млн теңге көлемінде қаржы төленді.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасы аясында қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Облыс бойынша су тасқынынан зардап шеккен аудандарда 401 тұрғын үй салынуда.
Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында - 5 үй, Бәйтерек ауданында - 2 үйсатып алынды. Ал, Орал қаласындағы жалғыз баспанасы болып есептелетін, үйлері апатты деп танылған саяжай тұрғындарына алдағы уақытта жаңа үйлер сатып алу және салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Президент встретился с эвакуированными жителями СКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2024
Су тасқыны: Құлсарыда үйлердің құрылысы күзде аяқталады
Жаңалықтар
0