https://sputnik.kz/20240523/su-tasqyny-qulsaryda-uylerdin-qurylysy-kuzde-ayaqtalady-44500624.html
Су тасқыны: Құлсарыда үйлердің құрылысы күзде аяқталады
Су тасқыны: Құлсарыда үйлердің құрылысы күзде аяқталады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Құлсары қаласында зардап шеккен тұрғындар үшін салынатын үйлердің құрылысы күзде аяқталады, деп хабарлайды облыстық жедел штаб. 23.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-23T11:52+0500
2024-05-23T11:52+0500
2024-05-23T11:52+0500
атырау облысы
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e8/04/10/43695770_0:0:1255:706_1920x0_80_0_0_89b0ab0c04cc30c8a76fae032ae46cf3.jpg
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Құлсары қаласында зардап шеккен тұрғындар үшін салынатын үйлердің құрылысы күзде аяқталады, деп хабарлайды облыстық жедел штаб.Қазіргі уақытта құрылыс компаниялары 80 жеке үйдің іргетасын қалауға дайындықты бастады, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб. Құлсары қаласының "Болашақ" шағын ауданындағы алғашқы 80 үй "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының қаражаты есебінен салынады. Атырау облысының құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайыновтың айтуынша, бүгінде топырақты тегістеу жұмыстарына үш мердігер ұйымның 20 арнайы техникасы мен 30 жұмысшы жұмылдырылған.Атырау облысының әкімдігімен арада қол қойылған меморандум шеңберінде, жергілікті атқарушы орган жаңа үйлер салу үшін жер учаскелерін суға кетпейтін қауіпсіз аймақтардан бөлуді қамтамасыз етуде. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы орган құрылыс жүргізу мерзімі мен техникалық талаптарды сақтай отырып, құрылыс жұмыстарының сапасын бақылайды.
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/10/43695770_170:0:1111:706_1920x0_80_0_0_3f3339b5cd3eaf0b04a2ebdca48b86d3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау облысы, су тасқыны
атырау облысы, су тасқыны
Су тасқыны: Құлсарыда үйлердің құрылысы күзде аяқталады
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Құлсары қаласында зардап шеккен тұрғындар үшін салынатын үйлердің құрылысы күзде аяқталады, деп хабарлайды облыстық жедел штаб.
Қазіргі уақытта құрылыс компаниялары 80 жеке үйдің іргетасын қалауға дайындықты бастады, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб. Құлсары қаласының "Болашақ" шағын ауданындағы алғашқы 80 үй "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының қаражаты есебінен салынады.
Атырау облысының құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайыновтың айтуынша, бүгінде топырақты тегістеу жұмыстарына үш мердігер ұйымның 20 арнайы техникасы мен 30 жұмысшы жұмылдырылған.
"Іргетас құрылысымен қатар, жаңа шағын ауданға жол инфрақұрылымын салу жұмыстары басталды. Қалған инженерлік коммуникациялар жүргізіліп тұр", - деді Нұрберген Құсайынов.
Атырау облысының әкімдігімен арада қол қойылған меморандум шеңберінде, жергілікті атқарушы орган жаңа үйлер салу үшін жер учаскелерін суға кетпейтін қауіпсіз аймақтардан бөлуді қамтамасыз етуде. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы орган құрылыс жүргізу мерзімі мен техникалық талаптарды сақтай отырып, құрылыс жұмыстарының сапасын бақылайды.