https://sputnik.kz/20240531/batys-uqshu-elderinin-qarym-qatynasyna-nuqsan-keltiruge-tyrysuda--resey-qorganys-ministri-44693294.html
Батыс ҰҚШҰ елдерінің қарым-қатынасына нұқсан келтіруге тырысуда – Ресей қорғаныс министрі
Батыс ҰҚШҰ елдерінің қарым-қатынасына нұқсан келтіруге тырысуда – Ресей қорғаныс министрі
Sputnik Қазақстан
Батыс Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы елдері арасындағы одақтастық қарым-қатынастарды қасақана бұзып, оның қызметінің беделін түсіруге ұмтылуда 31.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-31T18:41+0500
2024-05-31T18:41+0500
2024-05-31T18:41+0500
ұқшұ
ресей
грузия
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1f/44686079_0:98:1280:818_1920x0_80_0_0_ddc1ab6165a62b65d584ea51b2ea6220.jpg
АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. Алматыда өткен ҰҚШҰ-ға мүше елдердің қорғаныс министрлері кеңесінің отырысында Ресей қорғаныс министрі Андрей Белоусов жүргізілген талдау Ұйымның периметрі бойынша әскери-саяси жағдайдың шиеленіскен күйде қалып отырғанын және әскери қауіп-қатерлердің күшеюімен сипатталатынын көрсетеді деп мәлімдеді.ҰҚШҰ елдері ұжымдық қауіпсіздік жүйесіне кіретін күштер мен құралдарды нақты үйлестіруді және ұдайы жетілдіруді, ұйымға мүше елдердің периметрі бойынша кез келген әскери қауіп-қатерге тойтарыс беруге дайын болу үшін шешім қабылдаудың жақсы механизмдерін қолдауы қажет, деді Ресей қорғаныс министрі Андрей Белоусов.Оның айтуынша, "бұл әсіресе маңызды, өйткені Батыс Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы елдері арасындағы одақтастық қарым-қатынастарды қасақана бұзып, оның қызметінің беделін түсіруге ұмтылуда".Сондай-ақ ол бүгінде ҰҚШҰ елдеріне қарсы ақпараттық соғыс басталғанын, экономикалық санкциялар қолданылып, тікелей қысым жасалып жатқанын және осыған байланысты бірқатар негізгі міндетті шешуге назар аудару ұсынылып жатқанын айтты.Белоусовтың пікірінше, ұжымдық күштердің жауынгерлік әзірлігіне, оларды жарақтандыруға, жауынгерлік дайындықты жақсартуға баса назар аудару қажет."Біз Ресейдің жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудегі озық тәжірибесін бөлісуге және бірлескен іс-шаралар кезінде әскерді даярлау тәжірибесіне енгізуге дайынбыз", - деді ол.Ол басқа өңірлік ұйымдармен, бірінші кезекте ТМД және ШЫҰ-мен, сондай-ақ тату елдермен тығыз ынтымақтастықты дамыту қажеттігін мәлімдеп, ҰҚШҰ үшін ерекше назар аударуды қажет ететін аса маңызды салаларға ерекше тоқталды.Оның айтуынша, НАТО мен Еуроодақ Ресеймен текетіресу арқылы Грузия және Армения-Әзербайжан қарым-қатынасындағы шиеленістің артуына себепкер болуда.Ол Вашингтон мен Брюссельдің қауіпсіздік пен қорғанысты нығайтуды себеп деп атап, Арменияны өз мүдделеріне қарай тарту жоспарлары ерекше алаңдаушылық туғызатынын айтты.Сондай-ақ Ресей қорғаныс министрі тәжік-ауған шекарасын нығайту қажеттігін мәлімдеді.Ол осы жағдай тұрақты бақылауды және өңірді тұрақтандыру үшін дер кезінде шаралар қабылдауды қажет ететініне сенімді. Атап айтқанда, тәжік-ауған шекарасын нығайту қажет.
https://sputnik.kz/20240531/uqshu-qorganys-ministrleri-almatydagy-otyrysta-qanday-maseleni-talqylady-44684621.html
https://sputnik.kz/20240530/almaty-bir-apta-boyy-uqshu-sharalarynyn-ortalygyna-aynalady-44673995.html
ресей
грузия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1f/44686079_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_dd7511a963b47d22dc59c068970d3646.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұқшұ, ресей, грузия
Батыс ҰҚШҰ елдерінің қарым-қатынасына нұқсан келтіруге тырысуда – Ресей қорғаныс министрі
Батыс Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы елдері арасындағы одақтастық қарым-қатынастарды қасақана бұзып, оның қызметінің беделін түсіруге ұмтылуда
АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. Алматыда өткен ҰҚШҰ-ға мүше елдердің қорғаныс министрлері кеңесінің отырысында Ресей қорғаныс министрі Андрей Белоусов жүргізілген талдау Ұйымның периметрі бойынша әскери-саяси жағдайдың шиеленіскен күйде қалып отырғанын және әскери қауіп-қатерлердің күшеюімен сипатталатынын көрсетеді деп мәлімдеді.
ҰҚШҰ елдері ұжымдық қауіпсіздік жүйесіне кіретін күштер мен құралдарды нақты үйлестіруді және ұдайы жетілдіруді, ұйымға мүше елдердің периметрі бойынша кез келген әскери қауіп-қатерге тойтарыс беруге дайын болу үшін шешім қабылдаудың жақсы механизмдерін қолдауы қажет, деді Ресей қорғаныс министрі Андрей Белоусов.
"ҰҚШҰ аясындағы әскери ынтымақтастық тиімді қауіпсіздік жүйесін құруда басым рөл атқарады. Біз оны барлық негізгі бағытта дамытуға бел будық", - деп РИА Новости РФ Қорғаныс министрлігі басшысының сөзін келтірді.
Оның айтуынша, "бұл әсіресе маңызды, өйткені Батыс Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы елдері арасындағы одақтастық қарым-қатынастарды қасақана бұзып, оның қызметінің беделін түсіруге ұмтылуда".
Сондай-ақ ол бүгінде ҰҚШҰ елдеріне қарсы ақпараттық соғыс басталғанын, экономикалық санкциялар қолданылып, тікелей қысым жасалып жатқанын және осыған байланысты бірқатар негізгі міндетті шешуге назар аудару ұсынылып жатқанын айтты.
Белоусовтың пікірінше, ұжымдық күштердің жауынгерлік әзірлігіне, оларды жарақтандыруға, жауынгерлік дайындықты жақсартуға баса назар аудару қажет.
"Біз Ресейдің жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудегі озық тәжірибесін бөлісуге және бірлескен іс-шаралар кезінде әскерді даярлау тәжірибесіне енгізуге дайынбыз", - деді ол.
Ол басқа өңірлік ұйымдармен, бірінші кезекте ТМД және ШЫҰ-мен, сондай-ақ тату елдермен тығыз ынтымақтастықты дамыту қажеттігін мәлімдеп, ҰҚШҰ үшін ерекше назар аударуды қажет ететін аса маңызды салаларға ерекше тоқталды.
Оның айтуынша, НАТО мен Еуроодақ Ресеймен текетіресу арқылы Грузия және Армения-Әзербайжан қарым-қатынасындағы шиеленістің артуына себепкер болуда.
"Альянстың жекелеген елдері Кавказдағы позицияларын нығайтуға, сол арқылы Каспий теңізінің ресурстарына қол жеткізуге және Орталық Азияға тікелей шығуға ұмтылуда. Жағдай тұрақсызданып, Ресейге қарсы белсенді әрекеттерге әкелетін Грузиядағы наразылық акциялары қаржыландырылуда", - деді Белоусов.
Ол Вашингтон мен Брюссельдің қауіпсіздік пен қорғанысты нығайтуды себеп деп атап, Арменияны өз мүдделеріне қарай тарту жоспарлары ерекше алаңдаушылық туғызатынын айтты.
Сондай-ақ Ресей қорғаныс министрі тәжік-ауған шекарасын нығайту қажеттігін мәлімдеді.
"Орталық Азия аймағындағы тұрақсыздықтың негізгі көзі Ауғанстандағы жағдай болып отыр. Оның аумағында көптеген радикалды топтар өз идеяларын ілгерілетіп, көршілес республикаларда лаңкестік әрекеттердің таралу ықтималдығы артып жатыр", - деді Белоусов Алматыда ҰҚШҰ қорғаныс министрлері кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде.
Ол осы жағдай тұрақты бақылауды және өңірді тұрақтандыру үшін дер кезінде шаралар қабылдауды қажет ететініне сенімді. Атап айтқанда, тәжік-ауған шекарасын нығайту қажет.