https://sputnik.kz/20240530/kandas-martebesin-alu-ushin-genetikalyq-synaq-zhasaluy-mumkin-44651759.html
Қандас мәртебесін алу үшін генетикалық сынақ жасалуы мүмкін
Қандас мәртебесін алу үшін генетикалық сынақ жасалуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Адамды ұлты бойынша қазақ деп тану туралы шешімді комиссия - дауыс беру арқылы шығарады 30.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-30T17:52+0500
2024-05-30T17:52+0500
2024-05-30T18:25+0500
қандастар
құжат
https://sputnik.kz/img/07e5/09/09/18095463_0:157:3083:1891_1920x0_80_0_0_7065ebc4c9192ac4810ca3eea72cec2f.jpg
АСТАНА, 30 мамыр - Sputnik. Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандас және азаматтық мәртебесін алуға үміткер адамдардың қазақ ұлтына жататындығын айқындау қағидаларын әзірледі.Құжаттар талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.Қағидалар бойынша қазақ ұлтына тиесілігін анықтау туралы өтініш Migration.enbek.kz порталы арқылы, "Құтты мекен" мобильді қосымшасы, Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган немесе Қазақстанның шет елдердегі мекемесі арқылы беріледі.Әрі қарай, өтінімді қарайтын комиссия құрылады. Оның ішінде үміткердің қазақ ұлтына жататынын растайтын құжаттардың болуы ескеріледі. Әңгімелесу қазақ тілін, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, мәдениетті, туыстық және басқа да факторларды білу бойынша бетпе-бет немесе онлайн форматта жүргізіледі.Өтініш берушіде қазақ ұлтына жататындығын анықтау үшін құжаттар болмаған кезде молекулярлық-генетикалық сараптама жүргізіледі. Үміткер оны өз қаражаты есебінен өтеді.Адамды ұлты бойынша қазақ деп тану туралы шешімді комиссия - дауыс беру арқылы шығарады.Қандас - Қазақстандағы қоныс аударушы, шетелден оралған этникалық қазақ.
https://sputnik.kz/20240119/mangystau-oblysynda-qandas-martebesin-algan-azamat-elden-shygarylmaq-boldy-41690293.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/09/18095463_176:0:2907:2048_1920x0_80_0_0_463f328c612e3f500d0660bc969dfd29.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қандастар, құжат
Қандас мәртебесін алу үшін генетикалық сынақ жасалуы мүмкін
17:52 30.05.2024 (жаңартылды: 18:25 30.05.2024) Адамды ұлты бойынша қазақ деп тану туралы шешімді комиссия - дауыс беру арқылы шығарады
АСТАНА, 30 мамыр - Sputnik. Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандас және азаматтық мәртебесін алуға үміткер адамдардың қазақ ұлтына жататындығын айқындау қағидаларын әзірледі.
Құжаттар талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.
Қағидалар бойынша қазақ ұлтына тиесілігін анықтау туралы өтініш
Migration.enbek.kz порталы арқылы, "Құтты мекен" мобильді қосымшасы, Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган немесе Қазақстанның шет елдердегі мекемесі арқылы беріледі.
Әрі қарай, өтінімді қарайтын комиссия құрылады. Оның ішінде үміткердің қазақ ұлтына жататынын растайтын құжаттардың болуы ескеріледі. Әңгімелесу қазақ тілін, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, мәдениетті, туыстық және басқа да факторларды білу бойынша бетпе-бет немесе онлайн форматта жүргізіледі.
Өтініш берушіде қазақ ұлтына жататындығын анықтау үшін құжаттар болмаған кезде молекулярлық-генетикалық сараптама жүргізіледі. Үміткер оны өз қаражаты есебінен өтеді.
Адамды ұлты бойынша қазақ деп тану туралы шешімді комиссия - дауыс беру арқылы шығарады.
Қандас - Қазақстандағы қоныс аударушы, шетелден оралған этникалық қазақ.