Маңғыстау облысында қандас мәртебесін алған азамат елден шығарылмақ болды

© Sputnik / Владислав ВодневСудебное разбирательство по делу Кайрата Боранбаева
Судебное разбирательство по делу Кайрата Боранбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2024
Жазылу
Нәтижесінде қандасқа айыппұл салынып, елден шығару жазасы қолданылмады
АЛМАТЫ, 19 қаңтар – Sputnik. Маңғыстау прокурорлары қандастың құқығын қорғады, деп жазды облыстық прокуратура.
“Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен Өзбекстан Республикасының азаматы Н.Қибасов тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін елден кетуден жалтарғаны үшін ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған Қазақстанның шегінен шығарып жіберу жазасы қолданылған”, - деп жазды ведомство.
Сот шешімімен елден шығарылған адам бес жылға дейін қайта Қазақстанға кіре алмайды.
“Облыстық прокуратура Н.Қибасовтың қандас мәртебесін алғанын және Қазақстан азаматтығын алу үшін құжаттар рәсімдеп жатқанын ескеріп, оған тағайындалған жазаны жеңілдету туралы кассациялық наразылық келтіру жөнінде Бас прокуратураға ұсыну енгізді”, - дейді ведомстводағылар.
Бас прокуратураның наразылығымен Жоғарғы сот алғашқы сот қаулысының күшін жойып, істі жаңадан қарауға жолдаған.
Нәтижесінде қандасқа айыппұл салынып, елден шығару жазасы қолданылмады.
Жаңалықтар
0