Астананың айналасында полиция бекеттері қойылды

© Photo : Сергей АлексеенокПолицей
Полицей  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2024
Жазылу
Бекеттерде полиция азаматтардың құжатын, сондай-ақ көлікте тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексереді
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Астанаға кіретін барлық бағытта стационарлық полиция бекеттері қойылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қалалық полиция департаменті 8 бекеттің қойылғанын растады. Астанада жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.
"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуіне байланысты, сондай-ақ елордада азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында қала периметрі бойынша Қарағанды, Қосшы, Көкшетау, Павлодар қалаларының және Қорғалжын, Тайтөбе, Балқарағай, Астрахан кенттерінің бағыттары бойынша 8 "Рубеж" стационарлық полиция бекеті қойылды", - деді баспасөз қызметінің мамандары.
Бекеттерде полиция азаматтардың құжатын, сондай-ақ көлікте тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексереді. Қалаға кіру және шығу бойынша ешқандай шектеу жоқ.
Астана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2024
Астанада полиция такси жүргізушілерді тексеріп жатыр
Жаңалықтар
0