Астанада полиция такси жүргізушілерді тексеріп жатыр

© Sputnik / Санат ИмангалиевАстана
Астана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2024
Жазылу
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Астаналық полицейлер заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысып жүрген көлік жүргізушілерін анықтауға кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қауіпсіз жол" жедел профилактикалық шарасы 29 ақпанға дейін жалғасады. Оның аясында такси көліктерінің жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтау тәртібі де тексеріледі.
Ресми мәліметке сәйкес, 5 ақпананнан бері жолаушыларды заңсыз тасымалдаған 9 таксижүргізуші анықталды. Бұдан бөлек, 46 жүргізуші нөмірсіз жүрген. 380 таксиші міндетті техникалық байқаудан өтпеген. Ал 500 адам жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзған.
"Мәселен, Hyundai көлігін басқарған 35 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды. Ол "Яндекс" мобильді қосымшасымен адам тасыған. Бірақ қажетті тіркеу құжаттары болмады", - дейді полицейлер.
Өзбекстан азаматы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал көлік айып тұрағына қойылды.
Жаңалықтар
0