https://sputnik.kz/20240530/algash-ret-eki-adamga-buyrektin-ayqas-transplantatsiyasy-zhasaldy-44637053.html
Алғаш рет екі адамға бүйректің айқас трансплантациясы жасалды
Алғаш рет екі адамға бүйректің айқас трансплантациясы жасалды
Sputnik Қазақстан
Пациенттердің денсаулық көрсеткіштері тез жақсарып келеді 30.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-30T10:41+0500
2024-05-30T10:41+0500
2024-05-30T11:22+0500
трансплантация
бүйрек доноры
https://sputnik.kz/img/07e5/06/17/17420407_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_39ba9a95bef8a37a1c9e7e007caf2414.jpg
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында ересек пациенттерге бүйректің айқас трансплантациясы жасалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.Айқас трансплантация кем дегенде екі сәйкес келмейтін жұпқа донорларды алмастыру қағидаты бойынша жасалады. Мәселен, туысқан донор реципиентке медициналық көрсетілімдер бойынша сәйкес келмесе, сондай проблемасы бар басқа донор таңдалады. Ал ол кісінің туысы доноры келмей қалған адамға бүйрегін береді."Қазір біздің республикамызда да осындай операциялар практикаға енгізілді. Айқас трансплантаттау екі жұптың - қан тобы бойынша өзара сәйкес келмеген күйеуі-әйелі және қызы мен анасының арасында жасалды. Бұл пациенттер ұзақ жылдар бойы бағдарламалық гемодиализде болды. Өкінішке орай, науқастар ұзақ уақыт гемодиализде бола алмайды, өйткені уақыт өте келе олардың жағдайы біртіндеп нашарлайды, өйткені гемодиализ донорлық ағзаға балама бола алмайды", - дейді дәрігерлер.Мамандар бүйректің айқас трансплантациясы үшін бәрін мұқият зерттеп, үйлесімділікті бағалап шықты. Осылайша екі күннің ішінде екі бүйректі трансплантаттау сәтті орындалды, екі бүйрек те сіңісе бастады.Пациенттердің денсаулық көрсеткіштері тез жақсарып келеді. Екеуі де ауруханадан шығуға дайындалып жүр.
https://sputnik.kz/20240416/on-zhylda-25-mynnan-astam-agzany-transplantattau-operatsiyasy-zhasaldy-43703830.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/17/17420407_375:0:2626:1688_1920x0_80_0_0_7561db27b4e6971520edfc8e2b0058af.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
трансплантация, бүйрек доноры
трансплантация, бүйрек доноры
Алғаш рет екі адамға бүйректің айқас трансплантациясы жасалды
10:41 30.05.2024 (жаңартылды: 11:22 30.05.2024) Пациенттердің денсаулық көрсеткіштері тез жақсарып келеді
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында ересек пациенттерге бүйректің айқас трансплантациясы жасалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Айқас трансплантация кем дегенде екі сәйкес келмейтін жұпқа донорларды алмастыру қағидаты бойынша жасалады. Мәселен, туысқан донор реципиентке медициналық көрсетілімдер бойынша сәйкес келмесе, сондай проблемасы бар басқа донор таңдалады. Ал ол кісінің туысы доноры келмей қалған адамға бүйрегін береді.
"Қазір біздің республикамызда да осындай операциялар практикаға енгізілді. Айқас трансплантаттау екі жұптың - қан тобы бойынша өзара сәйкес келмеген күйеуі-әйелі және қызы мен анасының арасында жасалды. Бұл пациенттер ұзақ жылдар бойы бағдарламалық гемодиализде болды. Өкінішке орай, науқастар ұзақ уақыт гемодиализде бола алмайды, өйткені уақыт өте келе олардың жағдайы біртіндеп нашарлайды, өйткені гемодиализ донорлық ағзаға балама бола алмайды", - дейді дәрігерлер.
Мамандар бүйректің айқас трансплантациясы үшін бәрін мұқият зерттеп, үйлесімділікті бағалап шықты. Осылайша екі күннің ішінде екі бүйректі трансплантаттау сәтті орындалды, екі бүйрек те сіңісе бастады.
Пациенттердің денсаулық көрсеткіштері тез жақсарып келеді. Екеуі де ауруханадан шығуға дайындалып жүр.