https://sputnik.kz/20240416/on-zhylda-25-mynnan-astam-agzany-transplantattau-operatsiyasy-zhasaldy-43703830.html
Он жылда 2,5 мыңнан астам ағзаны трансплантациялау операциясы жасалды
Он жылда 2,5 мыңнан астам ағзаны трансплантациялау операциясы жасалды
Sputnik Қазақстан
Қазақстанның 6000-ға жуық азаматы қайтыс болғаннан кейін ағзалардың донорлығына келісім білдірді 16.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-16T18:28+0500
2024-04-16T18:28+0500
2024-04-16T20:30+0500
ота
трансплантация
https://sputnik.kz/img/275/47/2754790_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_a14ba9aa1ae67b96e388563160da2025.jpg
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Кейінгі 10 жылдың ішінде 2,5 мыңнан астам ағзаны трансплантациялау операциясы жасалды. Бұл туралы Астана қаласында өткен "Қазақстандағы этикалық донорлық" семинарында айтылды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.Қазіргі уақытта елде 7 трансплантация орталығы, 40 донорлық ұйым жұмыс істейді, олар қайтыс болғаннан кейін донорды трансплантаттау мақсатында көп ағзаны алуға дайындау бойынша медициналық қызмет көрсетеді.Ведомствоның мәліметінше, кейінгі 10 жылдың ішінде Қазақстанда 2,5 мыңнан астам ағзаны трансплантациялау операциясы жасалды, бұл ретте ағза 83% жағдайда тірі кезіндегі донордан, 17% жағдайда қайтыс болғаннан кейінгі донордан алынған.Бүгінгі таңда Қазақстанның 6000-ға жуық азаматы қайтыс болғаннан кейін ағзалардың донорлығына келісім білдірді.Айта кетері, әлемде жыл сайын 115 мыңнан астам ағзаны трансплантациялау отасы жүргізіледі. АҚШ, Испания, Хорватия, Иран сияқты елдерде ауыстырылып қондырылған ағзалардың кем дегенде 85%-ы қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан алынған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/275/47/2754790_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_98ac88987988f83c83e2ac43949d2452.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ота, трансплантация
Он жылда 2,5 мыңнан астам ағзаны трансплантациялау операциясы жасалды
18:28 16.04.2024 (жаңартылды: 20:30 16.04.2024) Қазақстанның 6000-ға жуық азаматы қайтыс болғаннан кейін ағзалардың донорлығына келісім білдірді
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Кейінгі 10 жылдың ішінде 2,5 мыңнан астам ағзаны трансплантациялау операциясы жасалды. Бұл туралы Астана қаласында өткен "Қазақстандағы этикалық донорлық" семинарында айтылды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта елде 7 трансплантация орталығы, 40 донорлық ұйым жұмыс істейді, олар қайтыс болғаннан кейін донорды трансплантаттау мақсатында көп ағзаны алуға дайындау бойынша медициналық қызмет көрсетеді.
Ведомствоның мәліметінше, кейінгі 10 жылдың ішінде Қазақстанда 2,5 мыңнан астам ағзаны трансплантациялау операциясы жасалды, бұл ретте ағза 83% жағдайда тірі кезіндегі донордан, 17% жағдайда қайтыс болғаннан кейінгі донордан алынған.
"Бүгінгі таңда донорлар мен реципиенттердің бірыңғай тізілімінде 4000-ға жуық адам, оның ішінде 104 бала ағзаны трансплантаттауды күтіп жүр, олардың көпшілігі жас және еңбекке қабілетті жастағы адамдар. Реципиенттердің ішінде 3735 адамға бүйрек, 185 адамға бауыр, 144 адамға жүрек, 16 адамға өкпе трансплантаттау қажет", - делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда Қазақстанның 6000-ға жуық азаматы қайтыс болғаннан кейін ағзалардың донорлығына келісім білдірді.
Айта кетері, әлемде жыл сайын 115 мыңнан астам ағзаны трансплантациялау отасы жүргізіледі. АҚШ, Испания, Хорватия, Иран сияқты елдерде ауыстырылып қондырылған ағзалардың кем дегенде 85%-ы қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан алынған.