Мәскеуде Сағадат Нұрмағамбетовтің мерейтойын атап өтті

© Photo : Пресс-служба министерства обороны Казахстана Юбилей Сагадата Нурмагамбетова отметили в Москве
Юбилей Сагадата Нурмагамбетова отметили в Москве - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Ресей астанасында Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдық мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Салтанатты шара Жеңіс музейінде ұйымдастырылды. Одан кейін Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшісі Дәурен Абаев, музей директоры Александр Школьник пен әскери атташе генерал-лейтенант Талғат Қойбақов мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
Осы шараға ардагерлер, РФ ҚК Бас штаб академиясы мен М. Фрунзе атындағы әскери академияның тындаушылары және әскери институт курсанттары да қатысты.
Айта кетері, Қазақстанда Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына орай мерекелік шаралар кеңінен ұйымдастырылды. Аққөл қаласында армия генералы ескерткіші ашылды. Ал Таразда батырдың естелік тақтасына гүл шоқтары қойылды.
Сағадат Нұрмағамбетов 18 жасында майданға аттанып, 21 жасында Кеңес Одағының Батыры атанды. Кейін тәуелсіз Қазақстан Қарулы Күштерінің негізін қалаған алғашқы Қорғаныс министрі болды.
Жаңалықтар
0