Ақкөл қаласында Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткіші ашылды

© Photo : Пресс-служба министерства обороны Казахстана В городе Акколь открыт памятник Сагадату Нурмагамбетову
В городе Акколь открыт памятник Сагадату Нурмагамбетову  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Бүгін Ақкөл қаласында Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдық мерейтойына орай ескерткіш ашылды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
© Photo : Пресс-служба министерства обороны Казахстана В городе Акколь открыт памятник Сагадату Нурмагамбетову
В городе Акколь открыт памятник Сагадату Нурмагамбетову  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2024
В городе Акколь открыт памятник Сагадату Нурмагамбетову
Ескерткіштің ашылу рәсіміне қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, батырдың қызы Айсұлу Нұрмағамбетова, Қарулы күштердің ардагерлері, Халық Қаһарманы Мұхтар Алтынбаев, Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, отставкадағы авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров, Нұрмағамбетовтің жақындары және қала тұрғындары қатысты.
© Photo : Пресс-служба министерства обороны Казахстана В городе Акколь открыт памятник Сагадату Нурмагамбетову
В городе Акколь открыт памятник Сагадату Нурмагамбетову  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2024
В городе Акколь открыт памятник Сагадату Нурмагамбетову
Іс-шараға қатысушылар даңқты батырдың ескерткішіне гүл шоғын қойып, рухына тағзым етті.
Салтанатты рәсімде Мәулен Әшімбаев жұртшылыққа Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Сондай-ақ ол Сағадат Нұрмағамбетовтің өнегелі өмірі өскелең ұрпаққа әрдайым үлгі екенін және батырдың есімі ел тарихына мәңгіге жазылғанын атап өтті.
© Photo : Пресс-служба министерства обороны Казахстана В городе Акколь открыт памятник Сагадату Нурмагамбетову
В городе Акколь открыт памятник Сагадату Нурмагамбетову  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2024
В городе Акколь открыт памятник Сагадату Нурмагамбетову
"Қазақстанның алғашқы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов бүкіл саналы ғұмырын әскери қызмет саласына арнады. Мемлекетіміздің тұңғыш қорғаныс министрі ретінде айбынды армиямызды құруға және оны нығайтуға зор үлес қосты. Ол өзінің болмыс-бітімімен, өмірлік ұстанымымен және ақыл-парасатымен қазақ генералының нағыз үлгісіне айналды. Батырдың ескерткіші – халықтың қаһарман ұлына ыстық ықыласының, Отанға қорғауға өмірін арнаған барша азаматқа шынайы құрметінің белгісі. Сағадат Нұрмағамбетовтің "Бейбіт күнді қырағы күзетіңдер!" деген сөзі бар. Бұл – тек сарбаздарға емес, әр отандасымызға жүктелген аманат. Оны орындау – бәріміздің перзенттік парызымыз", – делінген ел президентінің құттықтау хатында.
Батырдың қызы Айсұлу Нұрмағамбетова әкесі бүкіл ғұмырын Отанға қызмет етуге арнағанын айтып, естеліктерімен бөлісті. Сонымен бірге ол игілікті іске ұйытқы болған азаматтарға және ескерткіштің авторы Айдос Бүркітбаевқа алғысын білдірді.
© Photo : Пресс-служба министерства обороны Казахстана В городе Акколь открыт памятник Сагадату Нурмагамбетову
В городе Акколь открыт памятник Сагадату Нурмагамбетову  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2024
В городе Акколь открыт памятник Сагадату Нурмагамбетову
Айта кетейік, Сағадат Нұрмағамбетов 1924 жылғы 25 мамырда Ақмола облысының Еңбек ауылында дүниеге келген. Ол – әскери колледждің курсантынан армия генералына дейін, пулеметшілер взводының командирінен тәуелсіз Қазақстанның қорғаныс министріне дейінгі жолды жүріп өткен бірегей тұлға. Сағадат Нұрмағамбетов КСРО-ның, Қазақстан Республикасының және тағы басқа мемлекеттердің 16 орденімен және 30 медальмен марапатталды.
Жаңалықтар
0