"Қазақтелеком" тарифті қымбаттатпақ – монополияға қарсы қызмет компанияға ескерту жасады

© Sputnik / Абзал Калиев"Қазақтелеком" АҚ
Қазақтелеком АҚ - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2024
Жазылу
Өзгеріс үйдегі интернет қызметтерін, сондай-ақ ұялы байланыс бар пакеттік қызметтерді қамтитын 51 архивтік тарифтік жоспарға қатысты екені хабарланды
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. "Қазақтелеком" АҚ алдағы уақытта тариф көтерілетінін жариялағаннан кейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі компанияға ескерту жіберді, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.
Агенттік 2024 жылдың 20 мамырында "Қазақтелеком" өзінің интернет-ресурсында 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап тарифтердің қымбаттайтыны туралы ақпаратты жариялағанын еске салды.
Атап айтқанда, үйдегі интернет қызметтерін, сондай-ақ ұялы байланыс бар пакеттік қызметтерді қамтитын 51 архивтік тарифтік жоспарға қатысты өзгеріс болатыны хабарланды.
"Байланыс туралы заңнамаға сәйкес операторлар байланыс қызметтерінің тарифін дәлелді шығындар негізінде ғана белгілейді", - делінген хабарламада.
Агенттік "Қазақтелекомға" заң бұзушылыққа әкеп соқтыратын әрекеттерге жол бермеу туралы ескерту жолдады.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.12.2023
Энергия өндіруші компаниялар шекті тарифті көтеруді сұрады
Жаңалықтар
0