https://sputnik.kz/20231207/energiya-ondirushi-kompaniyalar-shekti-tarifti-koterudi-surady-40691099.html
Энергия өндіруші компаниялар шекті тарифті көтеруді сұрады
Энергия өндіруші компаниялар шекті тарифті көтеруді сұрады
Sputnik Қазақстан
Энергетикалық компаниялар бұл өтінішті жанармай шығынының артуымен байланыстырып отыр 07.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-07T17:40+0500
2023-12-07T17:40+0500
2023-12-07T17:40+0500
электр энергиясы
тарифтер
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/1d/40504799_0:0:1170:658_1920x0_80_0_0_f15079a770e615a121eae71e21132f53.jpg
АЛМАТЫ, 7 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның энергия өндіруші компаниялары электр энергиясын өндіруге шекті тарифті көтеруге өтінім берді, деп хабарлады энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.Энергия өндіруші ұйымның айтуынша, тасымалдау құнының және көмір мен газ бағасының өсуі тарифті көтеруді өтінуге мәжбүр еткен. Электр энергиясын өндіруге жұмсалатын жалпы шығынның 60%-і отынға жұмсалады."Шекті тарифтердің жобалары елдегі инфляция деңгейіне сәйкес өндірістік персоналдың жалақысының өсуін де ескереді. Энергия өндіруші ұйымда шамамен 50 мың адам еңбек етеді. Бұл ретте білікті персоналдың тапшылығы 30%. Саладағы кадр тапшылығы төмен жалақымен байланысты", - делінген хабарламада.Бұдан басқа, тарифтің ұлғаюы жөндеу науқанын жүргізу және энергия өндіруші объектілердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті материалдар мен жабдықтарды сатып алу және тасымалдау құнының өсуіне байланысты.Берілген өтінімдерге сәйкес Қазақстан бойынша энергия өндіруші ұйым шекті тарифтерінің орташа өсуі кВт/сағ үшін орта есеппен 2 теңгені құрауға тиіс.Энергетика министрлігі қазіргі уақытта өтінімдерді қарап жатқанын айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/1d/40504799_147:0:1024:658_1920x0_80_0_0_b763c401dbd37ed8625b92d85118f416.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
электр энергиясы, тарифтер
электр энергиясы, тарифтер
Энергия өндіруші компаниялар шекті тарифті көтеруді сұрады
Энергетикалық компаниялар бұл өтінішті жанармай шығынының артуымен байланыстырып отыр
АЛМАТЫ, 7 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның энергия өндіруші компаниялары электр энергиясын өндіруге шекті тарифті көтеруге өтінім берді, деп хабарлады энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
"Қазақстан Республикасының "Электр энергетикасы туралы" заңының 12-1-бабы 2-тармағына сәйкес 24 энергия өндіруші ұйым 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап электр энергиясын өндіруге арналған шекті тарифті түзетуге өтінім берді", - делінген хабарламада.
Энергия өндіруші ұйымның айтуынша, тасымалдау құнының және көмір мен газ бағасының өсуі тарифті көтеруді өтінуге мәжбүр еткен. Электр энергиясын өндіруге жұмсалатын жалпы шығынның 60%-і отынға жұмсалады.
"Шекті тарифтердің жобалары елдегі инфляция деңгейіне сәйкес өндірістік персоналдың жалақысының өсуін де ескереді. Энергия өндіруші ұйымда шамамен 50 мың адам еңбек етеді. Бұл ретте білікті персоналдың тапшылығы 30%. Саладағы кадр тапшылығы төмен жалақымен байланысты", - делінген хабарламада.
Бұдан басқа, тарифтің ұлғаюы жөндеу науқанын жүргізу және энергия өндіруші объектілердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті материалдар мен жабдықтарды сатып алу және тасымалдау құнының өсуіне байланысты.
Берілген өтінімдерге сәйкес Қазақстан бойынша энергия өндіруші ұйым шекті тарифтерінің орташа өсуі кВт/сағ үшін орта есеппен 2 теңгені құрауға тиіс.
Энергетика министрлігі қазіргі уақытта өтінімдерді қарап жатқанын айтты.