Қоқыс пен балағат сөз үшін айыппұл артады

© Sputnik / Елена БережнаяВ Северо-Казахстанской области выявлено 233 несанкционированных места размещения отходов
В Северо-Казахстанской области выявлено 233 несанкционированных места размещения отходов - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2024
Жазылу
Қазіргі кезде қоқысты қоғамдық жерде немесе саябақта қалдырғаны үшін 5 АЕК, яғни, 18 460 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Мәжіліс депутаттары вандализм үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша түзетулер пакетін қабылдады. Соның ішінде ұсақ бұзақылық үшін айыппұлдарды арттыру ұсынылып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Депутат Марат Башимовтың айтуынша, қазіргі кезде қоқысты қоғамдық жерде немесе саябақта қалдырғаны үшін 5 АЕК, яғни, 18 460 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған.
"Депутаттар оны 20 АЕК-ке дейін арттыруды ұсынып отыр. Сонымен қатар мүліктік зиян келтіргеніне не келтірмегеніне байланысты ұсақ бұзақылық үшін әр түрлі мөлшердегі айыппұлдарды көздейтін түзетулер енгізілуде", - деді Башимов.
Бүгінде балағат сөздер айту және қоғамдық орындарды қорлау, кіреберістегі қабырғаларды бояу немесе автобустағы орындықтарды зақымдау ұсақ бұзақылық болып саналады.
"Бірақ мұндай ұсақ бұзақылықтар материалдық шығынға әкеп соғады, сондықтан депутаттар ол үшін айыппұлды өсіруді ұсынады: қазіргідей 20 АЕК емес, 50 АЕК, тіпті 20 тәулікке дейін қамауға алу", – деп атап көрсетті депутат.
Мужчина поет со сцены  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2024
Министрлік әдепсіз қылық көрсетіп, балағат сөздер айтатын әртістерді жазалауды ұсынды
Жаңалықтар
0