Министрлік әдепсіз қылық көрсетіп, балағат сөздер айтатын әртістерді жазалауды ұсынды

© Photo : LetterdesignМужчина поет со сцены
Мужчина поет со сцены  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 16 мамыр - Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрлігі әртістердің концерт кезіндегі әдепсіз әрекеті үшін жауапкершілік енгізуді ұсынды. Министрліктің бұйрық жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланды.
Мәдени іс-шара барысында көрермендермен қарым-қатынас жасау кезінде өнер қайраткерлерінің жөнсіз мінез-құлық танытуына, көрермендерге балағат сөз сөйлеп, әдепсіз қылық көрсетуіне, алкогольдік ішімдік ішіп, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болуына, сондай-ақ психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын қабылдауына жауапкершілік енгізілмек.
Мәдениет министрлігі мас күйінде сахнаға шыққан әртістерге айыппұл көлемін де белгіледі.
Мұндай қылықтары үшін:
Жеке тұлғаларға 150 АЕК (553 800 теңге)
Заңды тұлғаларға 300 АЕК (1 млн 107 600 теңге) Осындай әрекеттер қайталанған жағдайда:
Жеке тұлғаларға 200 АЕК (738 400 теңге)
Заңды тұлғаларға 600 АЕК (2 млн 215 200 теңге)
Жаңалықтар
0