Президент киберқауіпсіздік мәселелерін көтерді

© Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев на СМИД ШОС в Астане
Касым-Жомарт Токаев на СМИД ШОС в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерімен кездесуінде ұйымның ортақ сын-қатер мен қауіптерді еңсеру ісіндегі әлеуетін арттыру жұмыстары дер кезінде қолға алынып отырғанын атап өтті, деп хабарлады Ақорда.
Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев "үш зұлым күшке" қарсы күрес үйым ынтымақтастығының тұрақты назарында болуға тиіс деп санайды.
"Қазақстан осы бағыттағы ықпалдастықты ұдайы нығайтуға ниетті. Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес жөніндегі сіздермен келісілген ынтымақтастық бағдарламасы бұл бағытта жасалған нақты қадам саналады. ШЫҰ-ның есірткіге қарсы стратегиясы бойынша жұмыстың аяқталуы, терроризмді қаржыландыру арналарын бұғаттауды қоса алғанда, есірткі қаупіне қарсы күресу үшін өзара қабылданып жатқан шараларды күшейте түседі", – деді Тоқаев.
Оның пікірінше, бұл жұмыста киберқауіптерді ерте анықтауға және ШЫҰ елдерінің ақпараттық инфрақұрылымының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету тетіктерін әзірлеуге баса мән берілуі керек.
"Ауғанстандағы жағдай жіті назар аударуды қажет етеді. Бұл елде гуманитарлық дағдарыстың алдын алу және ұзақмерзімді тұрақтылыққа жағдай жасау үшін күш біріктіру жұмыстарын жалғастырған жөн. Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның өңірлік орталығын құру туралы Қазақстанның бастамасын қолдау – өте өзекті", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы климаттың өзгеруі мәселесіне айрықша назар аударуға шақырды.
"Алдын алу шараларын шұғыл қабылдамасақ, бұл мәселе планетамыздағы жаһандық табиғат апаттарын асқындырып жіберуі мүмкін. Ауа райының аса құбылмалы болуы әлемдегі басты проблемалардың біріне айналып келеді. Осыған байланысты ШЫҰ табиғат апаттарымен күресу ісіндегі тәсілдерін жаңартуы қажет", - деп толықтырды ол.
Президент биыл көктемде біздің еліміз климат өзгерістерінің кері әсерін анық сезінгенін атап өтті.
"Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстандағы алапат су тасқыны кезінде тілеулестік танытып, көмек көрсеткені үшін сіздердің елдеріңізге шынайы алғысымды білдіргім келеді. Біз бұл қолдауды жоғары бағалаймыз", – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы ШЫҰ-ның алдағы Астана саммиті "Көпжақты диалогты нығайту – орнықты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу" деген атаумен өтетінін жеткізді.
"Шанхай ұйымының негізгі мақсаттарының бірі – аймақтағы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз ету. Мұны аталған күн тәртібі анық көрсетеді. Осы орайда Сыртқы істер министрлері кеңесіне үлкен үміт артылады, – деп түйіндеді Қазақстан президенті.
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2024
Астана ШЫҰ-2024
Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерде жер шары халқының жартысына жуығы тұратынын айтты
Жаңалықтар
0