https://sputnik.kz/20240521/toqaev-shyu-ga-mushe-memleketterdin-syrtqy-ister-ministrlerimen-kezdesti-44433010.html
Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерде жер шары халқының жартысына жуығы тұратынын айтты
Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерде жер шары халқының жартысына жуығы тұратынын айтты
Sputnik Қазақстан
Иран мен Беларусьтің өкілдері Астанадағы Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне алғаш рет қатысып жатыр 21.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-21T11:50+0500
2024-05-21T11:50+0500
2024-07-02T11:04+0500
шыұ
қасым-жомарт тоқаев
астана шыұ-2024
https://sputnik.kz/img/748/15/7481500_0:317:6017:3701_1920x0_80_0_0_6271df3c364a026c194a1d29a4f3baea.jpg
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерімен кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорда.Жиынды ашқан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы Қазақстанның, сондай-ақ өз атынан барша Иран халқы мен оның басшылығына осы елдің президенті мен сыртқы істер министрінің қайғылы қазаға ұшырауына байланысты көңіл айтты.Қасым-Жомарт Тоқаев шет мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешу жөніндегі ШЫҰ-ның маңызды форматтарының бірі екеніне тоқталды.Ол қазірдің өзінде ұйымға Еуразия құрлығындағы он мемлекет мүше екенін атап өтті."Бұл елдерде жер шары халқының жартысына жуығы тұрады, сондай-ақ әлемдік жалпы ішкі өнімнің төрттен бірі және жаһандық сауда-саттықтың 15 пайызы осы мемлекеттерге тиесілі. Қазақстан ШЫҰ-ның төрағасы ретінде ұйымның әлеуетін одан әрі арттыру үшін бар күш-жігерін жұмсайды", – деп түйіндеді Тоқаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/748/15/7481500_330:0:5685:4016_1920x0_80_0_0_c0feef814205df404c8c8a1e4f490dc7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шыұ, қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерде жер шары халқының жартысына жуығы тұратынын айтты
11:50 21.05.2024 (жаңартылды: 11:04 02.07.2024) Иран мен Беларусьтің өкілдері Астанадағы Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне алғаш рет қатысып жатыр
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерімен кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорда.
Жиынды ашқан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы Қазақстанның, сондай-ақ өз атынан барша Иран халқы мен оның басшылығына осы елдің президенті мен сыртқы істер министрінің қайғылы қазаға ұшырауына байланысты көңіл айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев шет мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешу жөніндегі ШЫҰ-ның маңызды форматтарының бірі екеніне тоқталды.
"Еліндегі ауыр жағдайға қарамастан Иранның, сондай-ақ алдағы уақытта қатарымызға қосылатын Беларусьтің өкілдері Астанадағы Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне алғаш рет қатысып отырғанын ерекше атап өткім келеді. Сіздердің елдеріңіз "шанхай рухын" одан әрі күшейтуге және ШЫҰ аясындағы көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға айтарлықтай үлес қосатынына сенімдімін", – деді мемлекет басшысы.
Ол қазірдің өзінде ұйымға Еуразия құрлығындағы он мемлекет мүше екенін атап өтті.
"Бұл елдерде жер шары халқының жартысына жуығы тұрады, сондай-ақ әлемдік жалпы ішкі өнімнің төрттен бірі және жаһандық сауда-саттықтың 15 пайызы осы мемлекеттерге тиесілі. Қазақстан ШЫҰ-ның төрағасы ретінде ұйымның әлеуетін одан әрі арттыру үшін бар күш-жігерін жұмсайды", – деп түйіндеді Тоқаев.