Екібастұзда той қонақтары жаппай уланды – тексерістің нәтижесі жарияланды

© REUTERS / Tingshu WangНакрытый столик в ресторане Quanjude Peking roast duck в Пекине
Накрытый столик в ресторане Quanjude Peking roast duck в Пекине - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2024
Жазылу
Қызметкерлердің арасында 9 адамнан патогенді стафилококкты, ал төртеуінде сальмонеллез анықталды
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Екібастұзда той қонақтары уланған мейрамханада көптеген заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тағамдардан сальмонеллалар мен патогенді стафилококк бактерияларын анықтады. Талдауға сарқыттағы тағамдар алынды.
"Жаппай улану фактісі бойынша департамент жоспардан тыс тексеру жүргізіп, көптеген заң бұзушылықтарды анықтады. Оның ішінде жұмыс істеуге рұқсаты бар жеке құрамның медициналық кітапшалары болмаған. Сонымен қатар, дәмханада дезинфекциялық режим сақталмаған, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары болмаған", - дейді мамандар.
Сондай-ақ таңдалған өнімдер стандарттау құжаттарына сәйкес келмеді. Қызметкерлердің арасында 9 адамнан патогенді стафилококкты, ал төртеуінде сальмонеллез анықталды. Барлық қызметкер жұмыстан шеттетілді.
Ал полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыстық кодекстің 304-бабы, 1-бөлігі (санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормаларды бұзу) іс тіркелді.
Айта кетері, сәуірдің 13-і күні Екібастұз мейрамханаларының бірінде мерекелік іс-шарадан кейін қонақтардың біразы ауруханаға түсті. Дәл сол күні 32 адам медициналық көмекке жүгінген. Одан кейін зардап шеккендердің саны 94-ке жетті, оның ішінде тоғызы – 14 жасқа дейінгі балалар. Науқастардың 59-ы сальмонеллезбен ауырса, қалғандарында жедел ішек инфекциясы және ас қорыту жүйесінің бұзылуы анықталды.
Ресторан, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2024
Екібастұзда тойға жиналған қонақтар тамақтан жаппай уланып қалды
Жаңалықтар
0