https://sputnik.kz/20240518/sarayshyqta-zirattardy-sudan-qorgau-ushin-800-metr-boget-sogyldy--44371613.html
Сарайшықта зираттарды судан қорғау үшін 800 метр бөгет соғылды
Сарайшықта зираттарды судан қорғау үшін 800 метр бөгет соғылды
Sputnik Қазақстан
Қазір зираттың басында 12 ауыр техника бөгетті судың жарып кетпеуін қамтамасыз етуде 18.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-18T14:55+0500
2024-05-18T14:55+0500
2024-05-18T14:55+0500
атырау облысы
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/13/15237267_0:0:1024:576_1920x0_80_0_0_24356736b8d6579bf4a08948d79335cd.jpg
АЛМАТЫ, 18 мамыр - Sputnik. Өр суының ағыны қатты болуы салдарынан "Атырау – Индер" тас жолының Сарайшықтан кейінгі 44 шақырымдағы жол жырылды. Махамбет ауданының ТЖ жөніндегі жедел штабының шешімімен жасалған бұл әдіс тасқын судың бағытын сай-салаға бұру мақсатында атқарылып отыр.Сарайшық ауылында тасқынмен күреске арнайы техникаларды қоса алғанда, 95 сарбаз, 49 ТЖ мамандары, ауыл тұрғындары жұмылдырылды.Еске сала кетелік, "Казгидрометтің" 18 мамыр, 8.00 сағаттағы мәліметі бойынша, Махамбет ауданындағы су деңгейі бір тәулікте + 8 сантиметрге көтеріліп, су деңгейі 1008 сантиметрге жетті.
https://sputnik.kz/20240409/sarayshyq-ushin-zhanalyq-emes-atyrau-oblysynda-adam-suyekteri-tabyldy-43550520.html
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/13/15237267_128:0:896:576_1920x0_80_0_0_de1f3812eff506d98352205c39c84523.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау облысы, су тасқыны
атырау облысы, су тасқыны
Сарайшықта зираттарды судан қорғау үшін 800 метр бөгет соғылды
Қазір зираттың басында 12 ауыр техника бөгетті судың жарып кетпеуін қамтамасыз етуде
АЛМАТЫ, 18 мамыр - Sputnik. Өр суының ағыны қатты болуы салдарынан "Атырау – Индер" тас жолының Сарайшықтан кейінгі 44 шақырымдағы жол жырылды.
Махамбет ауданының ТЖ жөніндегі жедел штабының шешімімен жасалған бұл әдіс тасқын судың бағытын сай-салаға бұру мақсатында атқарылып отыр.
"Қазіргі уақытта Сарайшық ауылы өр суының қоршауында қалып отыр. Жолды жыру, Құрсай каналын жыру арқылы суды сай салаға ағызу жұмыстары жасалып жатқанымен, өр суының қарқыны күшейіп тұр. Ауылдан екі шақырым қашықтықта орналасқан зираттарды тасқыннан сақтап қалу үшін, жедел түрде жанама 800 метр болатын бөгет соғылды. Қазір зираттың басында 12 ауыр техника бөгетті судың жарып кетпеуін қамтамасыз етуде. Тасқынмен күрес тәулік бойы үзіліссіз жүріп жатыр",- деді Сарайшық ауылдық округінің әкімі Жаннат Кенжеғалиева.
Сарайшық ауылында тасқынмен күреске арнайы техникаларды қоса алғанда, 95 сарбаз, 49 ТЖ мамандары, ауыл тұрғындары жұмылдырылды.
Еске сала кетелік, "Казгидрометтің" 18 мамыр, 8.00 сағаттағы мәліметі бойынша, Махамбет ауданындағы су деңгейі бір тәулікте + 8 сантиметрге көтеріліп, су деңгейі 1008 сантиметрге жетті.