Айбек Дәдебай Маңғыстау облысының жаңа әкімін таныстырды

© Photo : Ақорданың баспасөз қызметіПрезидент әкімшілігінің басшысы Маңғыстау облысының жаңа әкімін таныстырды
Президент әкімшілігінің басшысы Маңғыстау облысының жаңа әкімін таныстырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2024
Жазылу
Айбек Дәдебай өңір басшылығына президент тарапынан маңызды міндеттер жүктеліп отырғанын атап өтті
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Президент әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Маңғыстау облысының жаңа әкімін таныстырды, деп хабарлады Ақорда.
Айбек Дәдебай облыс әкімі болып тағайындалған Нұрдәулет Қилыбай осы аймақтың тумасы және облыста түрлі басшылық қызметтерді атқарған тәжірибелі маман екенін атап өтті.
Сонымен қатар президент жүктеген міндеттерді сапалы әрі уақытылы орындау қажет екеніне назар аударды.
"Соңғы 5 жылда өңірге 3,6 триллион теңгеден астам инвестиция тартылған. Бұл – жаңа жұмыс орындары мен экономикалық өсім. Алдағы уақытта аталған көрсеткішті еселей түсуіміз керек", – деді президент әкімшілігінің басшысы.
Оның айтуынша, бүгінде облыста ондаған жаңа әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 22 мың оқушыға арналған 21 мектептің құрылысы басталып кетті.
"Бұл – халық саны жағынан өсімі жақсы Маңғыстау облысы үшін аса қажетті шаралар. Өңір басшылығына президент тарапынан маңызды міндеттер жүктеліп отыр", – деді Айбек Дәдебай.
Айбек Дәдебайдың айтуынша, Маңғыстау облысының әкімдігіне инвестициялық ахуалды жақсарту, жаңа өндіріс орындарын ашу, көлік-логистика және туристік әлеуетті барынша дамыту, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды жаңғырту, экологиялық мәселелерді шешу, құрылыс саласын ретке келтіру міндеттері жүктеледі.
Кездесу соңында Айбек Дәдебай Нұрдәулет Қилыбайға облыс тұрғындарының игілігі үшін президент жүктеген барлық міндетті орындау жолында табыс тілеп, аймақтың бұрынғы басшысы Нұрлан Ноғаевқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.
Архивное фото портфеля - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2024
Маңғыстау облысының әкімі тағайындалды
Жаңалықтар
0