Маңғыстау облысының әкімі тағайындалды

© Sputnik / Екатерина Штукина / Медиабанкке өтуАрхивное фото портфеля
Архивное фото портфеля - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2024
Жазылу
Жаңа әкім бұған дейін "Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры болған
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай Маңғыстау облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай – 1978 жылы 10 сәуірде Маңғыстау облысының Бейнеу кентінде туған.
Еңбек жолын 1999 жылы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Атырау тасымалдау бөлімшесі стансасында кезекші болып бастаған.
2000 жылдан – "Астана" стансасының кірме жолдар бойынша жүктерді қабылдаушы-тапсырушысы, аға қабылдаушы тапсырушысы,
2002 жылдан – магистраль желісі дирекциясының техникалық басқару технологиялық үдерістері қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы, бастығы.
2005 жылдан – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және жол қатынастары комитетінің Экономика жене тарифтік саясат басқармасы талдау және бюджеттік болжау бөлімінің бастығы, басқарма бастығы, төрағасының орынбасары;
2009 жылдан – "Вокзал Сервис" АҚ президенті, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарушы директоры.
2010 жылдың қарашасынан – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және жол қатынастары комитетінің төрағасы.
2011 жылдан – "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ президентінің кеңесшісі, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ – Маңғыстау жол филиалының директоры.
2012 жылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және коммуникациялар комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
2013 жылдан – "ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарушы директоры – аппарат басшысы, "Жолаушылар тасымалы" АҚ басқарма төрағасы.
2017 жылдан – "Теміржолсу" акционерлік қоғамының президенті, "Теміржолсу" АҚ бас директоры және басқарма төрағасы.
2018 жылдан - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.
2020 жылдың маусымынан - Ақтау қаласының әкімі.
2022 жылдың қазан айынан - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.
2023 жылдың қаңтарынан бүгінге дейін – "Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры – басқарма төрағасы.
Жаңалықтар
0