Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинадағы қақтығысты тоқтатып, келіссөзді бастау қажет – Чехия президенті

© Sputnik / Константин Михальчевский / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Чехия президенті Петр Павел Sky News телеарнасына берген сұхбатында Украинадағы қақтығысты тоқтатып, келіссөз жүргізу қажеттігін айтты.
"Бізге соғысты тоқтатып, содан кейін болашақ келісімді талқылауды бастау керек. Бірақ Украинаның, Ресейдің және осы келісімнің кепілі болатын елдердің келісімінсіз қандай да бір мәмілеге келу мүмкін емес", - деді ол "Киев қазір Мәскеумен келіссөзді бастау керек пе?" деген сұраққа жауап беріп.
Павел Ресейге өткен аумақты Украина жақын болашақта қайтарып алады деген мәлімдемелерге сенбейтінін атап өтті.
Бұған дейін Жоғарғы рададағы "Слуга народа" партиясының фракция басшысы Давид Арахамия "Украинадағы соғыс өткен жылдың көктемінде аяқталатын еді, бірақ Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон Киевті Ресеймен кез келген бейбіт келісімге қол қоюдан айнытты" деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, Борис Джонсон Киевке келіп: "біз олармен ештеңеге қол қоймаймыз, соғысты жалғастыра берейік" деген көрінеді.
Жаңалықтар
0