Сотталғандар 3 млрд теңгені құмар ойынға салған – түрме бастығы қамауға алынды

Түрме. Архивтегі фото
Түрме. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2024
Жазылу
Түрмелерде сотталғандар ұялы телефонды емін-еркін пайдаланған
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Алматы облысындағы түрмелерде сотталғандар қыруар қаржыны букмекерлік кеңселер мен онлайн-казиноға салған. Бірнеше мекеменің қызметкері тергеуге алынды, ал бір түрме басшысы қамалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, сотталғандар ұялы телефонды емін-еркін пайдаланған. Осылайша, онлайн сатып-алулар жасап, кредит рәсімдеген. Онымен қоймай, букмекерлік кеңселер мен онлайн-казино арқылы құмар ойындарға қатысқан. Ал айналымға салынған ақшаның жалпы сомасы 3 миллиард теңгеден асыпты.
"№10 мекеменің сотталғандары мобильді құрылғыларды қолдана отырып, рұқсат етілген және тыйым салынған заттарды мекеме ішінде сатқан. Тергеу нәтижесінде осы мекеменің үш қызметкері түрлі жазаға тартылды", - дейді прокурорлар.
Бұдан бөлек, №12 және №57 мекемелердің қызметкерлері де тергеуге алынды. Ал №57 түрме бастығы қамалды. Барлығы Қылмыстық кодекстің 361-бабы (лауазымдық өкілеттіліктерді теріс пайдалану) бойынша айыпталып отыр.
Архивное фото пациента в больнице для наркозависымих  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2023
Түрмеде отырған мыңнан астам адам есірткіге тәуелді - министрлік
Жаңалықтар
0