https://sputnik.kz/20240514/oskemen-turgyny-ersi-qylygy-ushin-ayyppul-arqalady-44270853.html
Өскемен тұрғыны ерсі қылығы үшін айыппұл арқалады
Өскемен тұрғыны ерсі қылығы үшін айыппұл арқалады
Sputnik Қазақстан
Сотта ер адам өз кінәсін мойындады 14.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-14T22:49+0500
2024-05-14T22:49+0500
2024-05-14T22:49+0500
өскемен
айыппұл
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_0:0:3262:1836_1920x0_80_0_0_da8e2ce8f6e6dbc2a1bc656d54fce241.jpg
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Өскемен қаласында ер адам жолдың үстінде көрсеткен ерсі қылығы үшін 70 мың теңгенің айыппұлын арқалады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан соттың ресми сайтына сілтеме жасап.Сот материалына сәйкес, 2024 жылы 29 сәуірде Өскемен тұрғыны жаяу жүргіншілер өткелінің дәл ортасына тұрып алып, әдепсіз қимыл көрсеткен. Осылайша, қоғамға құрметсіздік білдіріп, тәртіпті бұзған. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы, 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша хаттама рәсімделді.Сотта ер адам өз кінәсін мойындады. Өз әрекетіне өкінетінін айтып, ресми түрде жұмыс істеп жүргенін, ал қамауға алынса, жұмыссыз қалуы мүмкін екенін жеткізді. Сол себепті соттан айыппұл түрінде жаза қолдануды сұрады.Баптың санкциясында 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу, не 5 тәуліктен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу қарастырылған. Соттың шешімімен оған 73 840 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
https://sputnik.kz/20211203/almatyda-er-adam-video-18813782.html
өскемен
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_147:0:3240:2320_1920x0_80_0_0_168ed75dcaa792ae699ec9cafc9b967c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өскемен, айыппұл
Өскемен тұрғыны ерсі қылығы үшін айыппұл арқалады
Сотта ер адам өз кінәсін мойындады
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Өскемен қаласында ер адам жолдың үстінде көрсеткен ерсі қылығы үшін 70 мың теңгенің айыппұлын арқалады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан соттың ресми сайтына сілтеме жасап.
Сот материалына сәйкес, 2024 жылы 29 сәуірде Өскемен тұрғыны жаяу жүргіншілер өткелінің дәл ортасына тұрып алып, әдепсіз қимыл көрсеткен. Осылайша, қоғамға құрметсіздік білдіріп, тәртіпті бұзған. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы, 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша хаттама рәсімделді.
Сотта ер адам өз кінәсін мойындады. Өз әрекетіне өкінетінін айтып, ресми түрде жұмыс істеп жүргенін, ал қамауға алынса, жұмыссыз қалуы мүмкін екенін жеткізді. Сол себепті соттан айыппұл түрінде жаза қолдануды сұрады.
Баптың санкциясында 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу, не 5 тәуліктен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу қарастырылған. Соттың шешімімен оған 73 840 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.