https://sputnik.kz/20211203/almatyda-er-adam-video-18813782.html
Алматылықтың үйдің кіреберісіндегі ерсі әрекеті видеоға түсіп қалды
Алматылықтың үйдің кіреберісіндегі ерсі әрекеті видеоға түсіп қалды
Sputnik Қазақстан
"Жас Қанат" шағын ауданының тұрғындары видеоны әлеуметтік желіде жариялады. Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша тиісті ақпарат жарияланатын болады 03.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-03T10:40+0500
2021-12-03T10:40+0500
2022-02-02T09:48+0500
оқиға
алматы
үйлер
видео
https://sputnik.kz/img/1200/14/12001466_0:107:2048:1259_1920x0_80_0_0_21062a4e9191b1b89a84b3f10f49b4c0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Полиция көпқабатты үйдің кіреберісінде бесік арбаға дәрет сындырған ер адамды іздестіруге кірісті. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов хабарлады."Бүгін Алматы қаласының "Жас Қанат" шағын ауданының тұрғындары осы видеоны Facebook желісінде жариялады. Аталған факті бойынша тексеру басталды. Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша тиісті ақпарат жарияланатын болады", - деп жазды Әбдірахманов Instagram парақшасында.Айта кетері, ондай әрекет ұсақ бұзақылыққа жатады. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша 5 айлық есептiк көрсеткiш (14 585 теңге) мөлшерiнде айыппұл салу не 10 тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу жазасы қарастырылған.2019 жылы елорда полицейлері "Мұнар" тұрғын үй кешеніндегі лифтіде дәрет сындырған әйелді тапқан еді. Белгілі болғандай, 36 жастағы әйел туысқандарына қонаққа барған.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1200/14/12001466_114:0:1935:1366_1920x0_80_0_0_574297678a84db9f101635319c0650e0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, үйлер
Алматылықтың үйдің кіреберісіндегі ерсі әрекеті видеоға түсіп қалды
10:40 03.12.2021 (жаңартылды: 09:48 02.02.2022) "Жас Қанат" шағын ауданының тұрғындары видеоны әлеуметтік желіде жариялады. Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша тиісті ақпарат жарияланатын болады
НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Полиция көпқабатты үйдің кіреберісінде бесік арбаға дәрет сындырған ер адамды іздестіруге кірісті. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов хабарлады.
"Бүгін Алматы қаласының "Жас Қанат" шағын ауданының тұрғындары осы видеоны Facebook желісінде жариялады. Аталған факті бойынша тексеру басталды. Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша тиісті ақпарат жарияланатын болады", - деп жазды Әбдірахманов Instagram парақшасында.
Айта кетері, ондай әрекет ұсақ бұзақылыққа жатады. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша 5 айлық есептiк көрсеткiш (14 585 теңге) мөлшерiнде айыппұл салу не 10 тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу жазасы қарастырылған.
2019 жылы елорда полицейлері "Мұнар" тұрғын үй кешеніндегі лифтіде дәрет сындырған әйелді тапқан еді. Белгілі болғандай, 36 жастағы әйел туысқандарына қонаққа барған.