Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 900 млн теңгеден астам өтемақы төленді

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Премьер Олжас Бектенов в Атырау
Премьер Олжас Бектенов в Атырау - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2024
Жазылу
Егер қаржылай көмек туралы өтініш түсетін болса, толықтай тексерістен соң, оны төлейді
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысында біржолғы әлеуметтік төлемдердің барлығы төленді.
"4 сәуірден бастап өмірлік қиын жағдайға тап болған ақтөбеліктерге қаржылық көмек көрсету мақсатында біржолғы әлеуметтік төлем төлеу жұмыстары жүргізілді", - деп жазылған облыс әкімдігі таратқан хабарламада.
Бүгінгі күні облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен оған қарасты аудандық бөлімдер келіп түскен өтінімдердің барлығын жан-жақты қарап, тиісті қаржыны өтініш иелеріне аударды.
"Облыстағы 2904 отбасыға 939 млн 223 мың теңге берілді", - делінген хабарламада.
Егер қаржылай көмек туралы өтініш түсетін болса, толықтай тексерістен соң, оны төлейді.
Атыраудағы су тасқынының шарықтау шегіне дайындық жұмыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2024
Атырауда су тасқынының шарықтау шегі 4-5 күннен кейін болады деп болжанып отыр
Жаңалықтар
0