https://sputnik.kz/20240513/atyrauda-su-tasqynynyn-sharyqtau-shegi-4-5-kunnen-keyin-bolady-dep-bolzhanyp-otyr-44221322.html
Атырауда су тасқынының шарықтау шегі 4-5 күннен кейін болады деп болжанып отыр
Атырауда су тасқынының шарықтау шегі 4-5 күннен кейін болады деп болжанып отыр
Sputnik Қазақстан
Қанат Бозымбаев Атыраудың су тасқынының шарықтау шегіне дайындығын тексерді 13.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-13T08:53+0500
2024-05-13T08:53+0500
2024-05-13T08:54+0500
атырау
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e8/05/0d/44221153_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_f037de0b4bac99504aece8df04216608.jpg
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Вице-премьер Қанат Бозымбаев Атырау қаласындағы су тасқынына қарсы құрылыстарды тексеріп, екі су арнасының жұмысымен танысты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Тексерілген алғашқы нысан 32 шақырымға созылған "Соколок" арнасы болды, ол Жайық өзенінің үлкен су ағысын Атырауға қарай бағыттауға арналған. "Соколок" қаланы айналып өтіп, Жайық пен Каспий теңізін қосады және секундына 100 текше метр су қабылдай алады. Сондай-ақ вице-премьер ұзындығы 24 шақырым болатын жаңа арнаның жұмысын тексерді.12 мамырда қаладағы су деңгейі 1 см-ге көтеріліп, 539 см-ге жетті, шектік белгі – 550 см. Атырауда су тасқынының шарықтау шегі шамамен 4-5 күннен кейін болады деп болжанып отыр. Осыған байланысты вице-премьер жағалаудың су шайып кететін жерлерінде бөгеттерді нығайтуды, атап айтқанда оларды геотекстильдермен және бетон блоктармен нығайтуды тапсырды.
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/0d/44221153_251:0:1751:1125_1920x0_80_0_0_7dfcd8266cb00d8c190c275c6358ff64.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, су тасқыны
Атырауда су тасқынының шарықтау шегі 4-5 күннен кейін болады деп болжанып отыр
08:53 13.05.2024 (жаңартылды: 08:54 13.05.2024) Қанат Бозымбаев Атыраудың су тасқынының шарықтау шегіне дайындығын тексерді
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Вице-премьер Қанат Бозымбаев Атырау қаласындағы су тасқынына қарсы құрылыстарды тексеріп, екі су арнасының жұмысымен танысты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Тексерілген алғашқы нысан 32 шақырымға созылған "Соколок" арнасы болды, ол Жайық өзенінің үлкен су ағысын Атырауға қарай бағыттауға арналған. "Соколок" қаланы айналып өтіп, Жайық пен Каспий теңізін қосады және секундына 100 текше метр су қабылдай алады. Сондай-ақ вице-премьер ұзындығы 24 шақырым болатын жаңа арнаның жұмысын тексерді.
"Бұдан әрі Қанат Бозымбаев тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған қаладағы қауіпті учаскелерге барды. Атырауды қорғайтын бөгеттердің жалпы ұзындығы – 252 км", - деп жазылған хабарламада.
12 мамырда қаладағы су деңгейі 1 см-ге көтеріліп, 539 см-ге жетті, шектік белгі – 550 см. Атырауда су тасқынының шарықтау шегі шамамен 4-5 күннен кейін болады деп болжанып отыр. Осыған байланысты вице-премьер жағалаудың су шайып кететін жерлерінде бөгеттерді нығайтуды, атап айтқанда оларды геотекстильдермен және бетон блоктармен нығайтуды тапсырды.