ҰҚК діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысты деген күдікпен 3 адамды ұстады

© Sputnik / Виталий БелоусовАрхивтегі фото
Архивтегі фото   - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2024
Жазылу
Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2-3 мамырда Астана және Павлодар қалаларында Қазақстанның 3 азаматын ұстады, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
"Олар терроризмді насихаттады және республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысты деген күдікке ілінді", - деп жазылған хабарламада.
Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды.
Күдікті адамдар бұрын жалпы қылмыстық және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталған.
Қылмыстық кодекстің 256 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді.
Қазақстан парламентінің ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2024
Педофилдер мен экстремистерге Қазақстанға кіруге тыйым салынады
Жаңалықтар
0