Шымкентте бес спорт мектебі қызметкерлерге заңсыз қосымша ақша төлеген

© Sputnik / Абзал КалиевТеңге
Теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2024
Жазылу
Спорт мектептерінің бухгалтерлері төлемдерді үш жыл бойы заңсыз есептеген
АЛМАТЫ, 5 мамыр – Sputnik. Шымкентте бес спорт мектебі қызметкерлерге қосымша төлемдерді заңсыз ресімдеген, деп хабарлады Otyrar.kz.
Директорлардың жүргізушілері, стокерлер, коменданттар, референттер, мұрағатшылар мен аудармашыларға қосымша қаражат заңсыз төленген. Негізі бұл төлемдер спортшылардың жеңістері үшін төлену керек болған.
Антикор спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Аналитикалық топқа еріктілер де кірді, олар қосымша төлемдерді есептеудің даулы тәжірибесін анықтады. Спорт мектептерінің бухгалтерлері төлемдерді үш жыл бойы заңсыз есептеген.
"Мысалы жүргізуші спортшыларды жарыстарға және т.б. шараларға тасымалдауы керек. Бірақ спорт мектебі басшысының жүргізушісі бұндай жұмыстар істемеген. Бұл аудиторлық тексеру барысында анықталды", - дейді Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Алексей Колосков.
Уголовный кодекс Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2024
Шымкентте спорт мектептерінің бапкерлері сотталды
Жаңалықтар
0