Шымкентте спорт мектептерінің бапкерлері сотталды

© Sputnik / Абзал КалиевУголовный кодекс Казахстана
Уголовный кодекс Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 12 наурыз - Sputtnik. Шымкент қаласында бюджет қаражатын жымқырған бапкерлер сотталды, деп хабарлайды Шымкент қалалық прокуратурасы.
"Сот үкімімен Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт мектептерінің жаттықтырушылары бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша 1 және 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды", - деп жазды ведомство.
Жаттықтырушылар 2022 жылдан 2023 жылдар аралығында спортшылардың Алматы, Тараз қалалары мен Түркістан облысында оқу-жаттығу жиындарына барғаны туралы жалған құжаттар ұсынған. Сөйтіп 6 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған. Мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді.
Жаңалықтар
0