Су астында қалған үйлер қалпына келтіріліп жатыр

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент встретился с эвакуированными жителями СКО
Президент встретился с эвакуированными жителями СКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Жергілікті атқарушы органдардың жедел ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда 5 678 тұрғын үй су астында қалып отыр, оның ішінде 5 607-сі жеке тұрғын үйлер және 71-і көп пәтерлі тұрғын үйлер, сондай-ақ 17 907 саяжай үйлері бар. Бұл жайлы өнеркәсіп және қарды министрлігінің ресми өкілі Ибраева Меруерт ОКҚ брифингінде хабарлады.
Бүгінгі күні су тасқынынан зардап шеккен 11 865 тұрғын үй бар, оның ішінде жеке тұрғын үй – 11 794 және көпқабатты тұрғын үй – 71, сондай-ақ 24 368 саяжай объектілері. Бұл ретте 2 947 тұрғын үй нысаны бойынша техникалық тексеру жүргізілді. Олардың 1 553-қайта салынып, 1 394-і жөндеуден өткізіледі. Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы органдардың алдын ала деректері бойынша 8 097 дайын жер учаскесі бар.
Мәселен, Ақмола өңірінде 335 жер учаскесі; Атырауда 3 465 жер учаскесі, Ақтөбеде 409 жер учаскесі, Қостанайда 2 189 жер учаскесі, БҚО-да 188 жер учаскесі, СҚО-да1 500 жер учаскесі, Қарағандыда 6 жер учаскесі, ал Павлодарда 5 жер учаскесі дайын.
"Зардап шеккен үйлерді қалпына келтірудің үш механизмі бар: жаңа тұрғын үй құрылысы, қолданыстағы тұрғын үйді жөндеу, қайталама нарықта дайын тұрғын үйді сатып алу. Барлық өтініштер eGov порталы арқылы, оның ішінде eGov-mobile мобильді қосымшасы арқылы қабылданады. Келесі кезекте әкімдіктер техникалық байқау және залалды бағалау жұмыстарын ұйымдастырады, содан кейін объектілер жергілікті атқарушы органның өңірлік комиссиясының қарауына беріледі. Әкімдік комиссиясы әрбір нысан бойынша шешім қабылдайды, одан кейін барлық объектілер пайдалануға, бақылауға алынып, мониторинг жүйесіне енгізіледі. Жер учаскесі берілген сәттен бастап тұрғын үй пайдалануға берілгенге дейін әрбір нысан бойынша мониторинг жүргізіледі", – деді спикер.
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің хабарлауынша, Ақтөбе, БҚО, Қарағанды, Павлодар, СҚО өңірлерінде 34 мердігер компания 398 үй салуға кірісті. Сонымен қатар Қостанай облысында әкімдік 31 пәтер сатып алып, зардап шеккен отбасыларға берді.
Ақтөбе облысында 11 мердігер компания Қобда ауданында 89 үйдің құрылысын бастады. Батыс Қазақстан облысында 12 мердігер компания Қаратөбе, Сырым және Теректі аудандарында 203 үй салуды бастады. Қарағанды облысында 1 үйдің құрылысы басталды. Павлодар облысында 5 үйдің құрылысы басталды. Солтүстік Қазақстан облысында 10 мердігер компания 100 үйдің құрылысын бастады.
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің әкімдіктері тұрғын үйлерді қалпына келтіру үшін мердігерлерді қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда.
Президент встретился с эвакуированными жителями СКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.05.2024
Су тасқыны: 41 мыңнан астам тұрғын үйіне оралды
Жаңалықтар
0