https://sputnik.kz/20240501/su-tasqyny-41-mynnan-astam-adam-uyine-oraldy-44017150.html
Су тасқыны: 41 мыңнан астам тұрғын үйіне оралды
Су тасқыны: 41 мыңнан астам тұрғын үйіне оралды
Sputnik Қазақстан
Су тасқыны бастағалы бері 13,4 млн астам текше метр еріген қар суы сорылған 01.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-01T11:36+0500
2024-05-01T11:36+0500
2024-05-01T11:38+0500
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e8/04/10/43695749_13:0:1268:706_1920x0_80_0_0_6f7fd098287416cbbbd81fe00ec187a0.jpg
АСТАНА, 1 мамыр – Sputnik. Қазіргі уақытта республика бойынша 41 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында, Атырау облысының Құлсары қаласында, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында, Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында жағалауды нығайту жұмыстары, су басқан аумақтардан су сору және судың бағытын бұру жұмыстары жүргізілуде.Бұған дейін Алматы қаласынан, Жетісу және Алматы облысынан Батыс Қазақстан облысына көмекке барған төтенше жағдайлар министрлігі күштері мен құралдарының бір бөлігі тұрақты орналасу орындарына қайтарылып жатыр. Су тасқыны бастағалы бері 13,4 млн астам текше метр еріген қар суы сорылды, 7,6 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 17 мыңнан астам адам, 1 773 техника, 271 су сору құралы және 184 жүзу құралы, 7 әуе кемесі жұмылдырылды.Министрліктің хабарлауынша, Атырау облысында Жайық өзені су деңгейіне мониторинг жүргізу жалғастырылып жатыр.
https://sputnik.kz/20240430/su-tasqyny-zhaandyq-zhylynu-aserinen-boldy--qazgidromet-44012756.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/10/43695749_170:0:1111:706_1920x0_80_0_0_0e903e07e42f78e3830b6c4d090c2a4b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны
Су тасқыны: 41 мыңнан астам тұрғын үйіне оралды
11:36 01.05.2024 (жаңартылды: 11:38 01.05.2024) Су тасқыны бастағалы бері 13,4 млн астам текше метр еріген қар суы сорылған
АСТАНА, 1 мамыр – Sputnik. Қазіргі уақытта республика бойынша 41 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
"Осы сағатта республика бойынша 41 005 адам өз үйлеріне оралды. 6 405 адам эвакуациялау пункттерінде. Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 7 184 тұрғын үй мен 2 844 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды", - деп хабарлады министрлік.
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында, Атырау облысының Құлсары қаласында, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында, Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында жағалауды нығайту жұмыстары, су басқан аумақтардан су сору және судың бағытын бұру жұмыстары жүргізілуде.
Бұған дейін Алматы қаласынан, Жетісу және Алматы облысынан Батыс Қазақстан облысына көмекке барған төтенше жағдайлар министрлігі күштері мен құралдарының бір бөлігі тұрақты орналасу орындарына қайтарылып жатыр.
Су тасқыны бастағалы бері 13,4 млн астам текше метр еріген қар суы сорылды, 7,6 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.
Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 17 мыңнан астам адам, 1 773 техника, 271 су сору құралы және 184 жүзу құралы, 7 әуе кемесі жұмылдырылды.
Министрліктің хабарлауынша, Атырау облысында Жайық өзені су деңгейіне мониторинг жүргізу жалғастырылып жатыр.