Су тасқыны жаһандық жылыну әсерінен болды – Қазгидромет

© AFP 2024 / EVGENIY LUKYANOVСу тасқыны
Су тасқыны - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2024
Жазылу
Қыс мезгілінің жылы болуы мұның бір көрсеткіші
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Қазақстандағы тасқын жаһандық жылыну әсерінен болды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ғылыми-зерттеу орталығының директоры Нұрлан Абаев "Біз біргеміз!" жалпыұлттық телемарафонда айтты, деп хабарлады Qazaqstan.tv.
"Қазір әлемде климаттық өзгерістер болып жатыр. Елімізде болған су тасқыны жаһандық жылынудың әсерінен болды. Қыс мезгілінің жылы болуы мұның бір көрсеткіші", - деді Абаев.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше су тасқынынан кейін эвакуацияланған 39 352 адам үйіне оралды. Эвакуациялау пункттерінде 6 552 адам қалды.
Өңірлерде 7 089 жеке тұрғын үй мен 2 834 аула аумақтарынан су бұрылды.
Су тасқыны басталғаннан бері 13,1 миллион текше метрден астам еріген су сорылып, 1,5 миллион тонна инертті материалы бар 7,6 миллион қап төселді.
Апатты-құтқару және су тасқынын жою жұмыстарына 17 мыңнан астам адам мен 2 мыңға жуық техника, 291 су сору техникасы және 203 жүзу құралы, 7 ұшақ жұмылдырылған.
Жаңалықтар
0