https://sputnik.kz/20240501/toqaev-birligimizdi-nygaytuga-bar-kush-zhigerimizdi-zhumyldyruymyz-kerek-44016212.html
Тоқаев: Бірлігімізді нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек
Тоқаев: Бірлігімізді нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады. 01.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-01T09:53+0500
2024-05-01T09:53+0500
2024-05-01T09:57+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e8/04/13/43779382_0:66:1280:786_1920x0_80_0_0_452a445b5d08611b7f86e0c0083e48cb.jpg
АСТАНА, 1 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады. Оның айтуынша, бұл – әрбір азаматтың мәртебелі міндеті әрі перзенттік парызы. Сонымен қатар президент ел бірлігі, әсіресе, қиын-қыстау сәттерде сыналатынын атап өтті. "Биыл біз бұрын-соңды болмаған "алапат тасқынмен" бірлесе күресіп жатырмыз. Әр азаматтың бір-біріне тілеулeстігі арқылы бүкіл ұлттың тұтастығын таныта білдік. Қазақстан халқы тарихтың күрделі кезеңінде жұрт болып жұмылып, табысқа жете алатынын тағы да дәлелдеді. Халқымыз жасампаздық пен жаңашылдық, еңбекқорлық пен білімпаздық, жанашырлық пен жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерінің арқасында өсіп-өркендей береді деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін! Әр шаңыраққа құт-береке дарысын!", - деді мемлекет басшысы.
https://sputnik.kz/20240425/toqaev-tasqynnan-zardap-shekken-aymaqtardy-qalpyna-keltiruge-bes-ay-uaqyt-berdi-43894736.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/13/43779382_73:0:1208:851_1920x0_80_0_0_5d35fb8b663b619c030fa5e092acc155.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев: Бірлігімізді нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек
09:53 01.05.2024 (жаңартылды: 09:57 01.05.2024) АСТАНА, 1 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.
"Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке. Қазақ жерін мекен еткен сан алуан этностың мәдениеті, діні мен дәстүрі өзара үндесіп, бірегей өркениетке айналды. Бүгінде еліміздің барша азаматтары біртұтас ұлт болып Әділетті Қазақстанды құрып жатыр. Ырысты ынтымақтың арқасында халқымыздың қуаты арта түседі. Сондықтан біз бірлігімізді нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек", - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, бұл – әрбір азаматтың мәртебелі міндеті әрі перзенттік парызы. Сонымен қатар президент ел бірлігі, әсіресе, қиын-қыстау сәттерде сыналатынын атап өтті.
"Биыл біз бұрын-соңды болмаған "алапат тасқынмен" бірлесе күресіп жатырмыз. Әр азаматтың бір-біріне тілеулeстігі арқылы бүкіл ұлттың тұтастығын таныта білдік. Қазақстан халқы тарихтың күрделі кезеңінде жұрт болып жұмылып, табысқа жете алатынын тағы да дәлелдеді. Халқымыз жасампаздық пен жаңашылдық, еңбекқорлық пен білімпаздық, жанашырлық пен жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерінің арқасында өсіп-өркендей береді деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін! Әр шаңыраққа құт-береке дарысын!", - деді мемлекет басшысы.