https://sputnik.kz/20240425/toqaev-tasqynnan-zardap-shekken-aymaqtardy-qalpyna-keltiruge-bes-ay-uaqyt-berdi-43894736.html
Тоқаев тасқыннан зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіруге бес ай уақыт берді
Тоқаев тасқыннан зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіруге бес ай уақыт берді
Sputnik Қазақстан
Президенттің айтуынша, алапат тасқынның кесірінен мыңдаған адам мал-мүлкінен айырылып, табыссыз қалды 25.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-25T13:00+0500
2024-04-25T13:00+0500
2024-04-25T13:00+0500
су тасқыны
президент
https://sputnik.kz/img/07e8/04/10/43695770_0:0:1255:706_1920x0_80_0_0_89b0ab0c04cc30c8a76fae032ae46cf3.jpg
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясында су тасқынының зардаптары мен қалпына келтіру жұмыстары туралы айтты. Президенттің айтуынша, алапат тасқынның кесірінен мыңдаған адам мал-мүлкінен айырылып, табыссыз қалды. Сондықтан мемлекет азаматтарды қолдау үшін нақты шаралар қабылдап жатыр. "Зардап шеккен әр шаңыраққа бір реттік көмек беріледі. Бұдан бөлек, шығынды санағаннан кейін жойылған немесе зақымдалған мүлік үшін де өтемақы беріледі. Мемлекет бүлінген баспаналарды жөндейді, қирап қалған үйлердің орнына жаңасын салады. Сонымен бірге өзен жағасына үй салу қауіпті, оны қайтадан су шайып кетуі мүмкін екенін ескерген жөн. Сондықтан құрылыс салатын жерді таңдағанда елді мекеннің гидрологиялық және географиялық ерекшелігін қаперде ұстаған абзал. Әкімдіктер тиісті ереже талаптарын қатаң сақтауға тиіс. Алдағы ауқымды құрылыс жұмыстары жұртқа жаңа мүмкіндіктер береді деп ойлаймын", - деді президент.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/10/43695770_170:0:1111:706_1920x0_80_0_0_3f3339b5cd3eaf0b04a2ebdca48b86d3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, президент
Тоқаев тасқыннан зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіруге бес ай уақыт берді
Президенттің айтуынша, алапат тасқынның кесірінен мыңдаған адам мал-мүлкінен айырылып, табыссыз қалды
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясында су тасқынының зардаптары мен қалпына келтіру жұмыстары туралы айтты.
"Топан су кеткен соң одан зардап шеккен аймақтар қалпына келтіріледі. Ең алдымен, азаматтарға шығындарын өтеу үшін тиісті өтемақы төленеді. Үй-жай құрылысы басталады, баспана беріледі, бүлінген инфрақұрылым жөнделеді. Осы қыруар жұмыс өте аз уақытта, яғни жаз бен күздің 5-ақ айында аяқталуға тиіс. Бірақ біз бірлесіп, бұл шаруаны абыройымен атқарып шығамыз деп сенемін", - деді мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, алапат тасқынның кесірінен мыңдаған адам мал-мүлкінен айырылып, табыссыз қалды. Сондықтан мемлекет азаматтарды қолдау үшін нақты шаралар қабылдап жатыр.
"Зардап шеккен әр шаңыраққа бір реттік көмек беріледі. Бұдан бөлек, шығынды санағаннан кейін жойылған немесе зақымдалған мүлік үшін де өтемақы беріледі. Мемлекет бүлінген баспаналарды жөндейді, қирап қалған үйлердің орнына жаңасын салады. Сонымен бірге өзен жағасына үй салу қауіпті, оны қайтадан су шайып кетуі мүмкін екенін ескерген жөн. Сондықтан құрылыс салатын жерді таңдағанда елді мекеннің гидрологиялық және географиялық ерекшелігін қаперде ұстаған абзал. Әкімдіктер тиісті ереже талаптарын қатаң сақтауға тиіс. Алдағы ауқымды құрылыс жұмыстары жұртқа жаңа мүмкіндіктер береді деп ойлаймын", - деді президент.