Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөзге қатысты мәлімдеме жасады

© Sputnik / Санат ИмангалиевВиды резиденции президента Казахстана - Акорды
Виды резиденции президента Казахстана - Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.05.2024
Жазылу
АCТАНА, 1 мамыр - Sputnik. Ақорда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыда өтетін Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөздер процесіне қатысты мәлімдемесін жариялады.
"Қазақстан тарапының ұсынысы бойынша Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы бейбіт келісімге дайындық жүргізу мақсатында екі елдің сыртқы істер министрлерінің келіссөзін өткізу туралы өзара келісімге келгенін құптаймын.️ Бұл маңызды шараның Алматыда ұйымдастырылуының символдық мәні бар. Өйткені 1991 жылы желтоқсан айында ТМД елдерінің тәуелсіз дамуына негіз қалаған және мемлекетаралық шекараны анықтау қағидаларын бекіткен тарихи құжатқа – Алматы декларациясына қол қойылған еді", - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, алдағы кездесу әзербайжан-армян уағдаластығының нақты жүзеге асуына жол ашып, жуық арада Оңтүстік Кавказда тұрақты әрі ұзақмерзімді бейбітшіліктің орнауына ықпал етеді.
Ильхам Әлиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2024
Әзербайжан мен Армения Алматыда келіссөз өткізеді
Жаңалықтар
0