https://sputnik.kz/20240429/azerbayzhan-men-armeniya-almatyda-kelissoz-otkizedi-43978290.html
Әзербайжан мен Армения Алматыда келіссөз өткізеді
Әзербайжан мен Армения Алматыда келіссөз өткізеді
Sputnik Қазақстан
Осы уақытқа дейін екі елдің комиссиялары бірнеше рет талқылау өткізді 29.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-29T12:20+0500
2024-04-29T12:20+0500
2024-04-29T12:20+0500
армения
әзербайжан
https://sputnik.kz/img/07e8/04/17/43855955_0:32:1218:717_1920x0_80_0_0_49a3dbdf65821ef8f836eb31ab7e3e9a.jpg
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Алматыда Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер министрлері кездеседі. Бұл туралы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлескенде мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Әзербайжан президентінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Әлиев пен Блинкен 28 сәуірде сөйлесті. Осы уақытқа дейін екі елдің комиссиялары бірнеше рет талқылау өткізді. Соның нәтижесінде Әзербайжан мен Армения шекараны делимитациялау бойынша келісімге келді.Айта кетері, наурыз айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барып келді. Физули қаласында Құрманғазы атындағы шығармашылықты дамыту орталығы ашылды. Қазақстандық құрылыс компаниялары Физули қаласында орталық аурухананы салып беретін болды. Ал Ереванда өткен келіссөздер барысында Тоқаев Армения мен Әзербайжан арасындағы қатынасты тезірек реттеуге шақырды.
армения
әзербайжан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/17/43855955_0:0:1218:915_1920x0_80_0_0_e863ee6f5cd0b392d2d7498bce198f23.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
армения, әзербайжан
Әзербайжан мен Армения Алматыда келіссөз өткізеді
Осы уақытқа дейін екі елдің комиссиялары бірнеше рет талқылау өткізді
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Алматыда Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер министрлері кездеседі. Бұл туралы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлескенде мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Әзербайжан президентінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Әлиев пен Блинкен 28 сәуірде сөйлесті. Осы уақытқа дейін екі елдің комиссиялары бірнеше рет талқылау өткізді. Соның нәтижесінде Әзербайжан мен Армения шекараны делимитациялау бойынша келісімге келді.
"Мемлекет басшысы қазақстандық тараптың ұсынысы бойынша Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер министрлері жақын арада Алматыда кездесетінін де хабарлады. Сол жерде бейбіт келісімге қатысты келіссөз жалғасады", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, наурыз айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапармен
барып келді. Физули қаласында Құрманғазы атындағы
шығармашылықты дамыту орталығы ашылды. Қазақстандық құрылыс компаниялары Физули қаласында
орталық аурухананы салып беретін болды. Ал Ереванда өткен келіссөздер барысында Тоқаев Армения мен Әзербайжан арасындағы қатынасты
тезірек реттеуге шақырды.