Тоқаев Әзербайжанға сыйланған балалар шығармашылығы орталығының ашылу салтанатына қатысады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев и Ильхам Алиев прибыли в город Физули
Касым-Жомарт Токаев и Ильхам Алиев прибыли в город Физули  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2024
Жазылу
Құрманғазы атындағы балалар шығармашылық орталығының құрылысы 2023 жылы басталып, сәтті аяқталды
АСТАНА, 12 наурыз - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Физули қаласына келді.
Мемлекет басшысын Физули қаласының әуежайында Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қарсы алды. Мұнда президенттер Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығының ашылу салтанатына қатысады. Сондай-ақ жергілікті халықпен кездесіп, алдағы уақытта салынатын Физули қалалық Орталық ауруханасының жобасымен танысады.
Бұдан кейін екі ел басшылары Шуша қаласындағы әлеуметтік-мәдени және басқа да нысандарды аралап көреді.
Қазақстан президентінің шешімімен Физули қаласында Құрманғазы атындағы шығармашылықты дамыту орталығының іргесі қаланатыны хабарлаған болатын.
Құрманғазы атындағы балалар шығармашылық орталығының құрылысы 2023 жылы басталып, сәтті аяқталды.
Жаңалықтар
0