Ел басына күн туса, қолыма қару аламын - 10 секундта автоматты шашып, жинайтын оқушы қыз

© Sputnik / Игорь Подгорный / Медиабанкке өтуМужчина собирает автомат, архивное фото
Мужчина собирает автомат, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2024
Жазылу
Ол 10 секундта Калашников автоматын бөлшектеп, 17 секундта жинайды
АЛМАТЫ, 28 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысы Байзақ ауданы № 6 Бурыл орта мектебінде қаавтоматты 10 секундта бөлшектеп, 16 секундта жинайтын оқушылар бар. Sputnik Қазақстан тілшісі сондай талантты оқушылармен тілдесті.
Бурылдық оқушыларға қаруды әп-сәтте бөлшектеп, жылдам жинауды алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінде мұғалім Самат Керімжанов үйреткен. Мектеп бағдарламасы бойынша бұл пән 10-11 сыныптарға өтеді.
"2023 жылы қазанда 5513 әскери бөлімінің басшылары мен біздің мектеп меморандумға отырып, нәтижесінде "Жас бүркіт" әскери-патриоттық қозғалысы құрылды. Мектеп жанынан құралған қозғалысқа мүше үш ер бала Ұлттық ұланға қабылдануға дайындалып жатыр", - дейді Самат Керімжанов.
"Жас бүркіт" әскери-патриоттық қозғалыс құрамында ер балалар ғана емес қыздар да бар. Солардың бірі – Алина Абдубекова. Ол 10 секундта Калашников автоматын бөлшектеп, 17 секундта жинайды.
Ел басына күн туса, қолыма қару аламын – 10 секундта автоматты шашып, жинайтын оқушы қыз
Ел басына күн туса, қолыма қару аламын – 10 секундта автоматты шашып, жинайтын оқушы қыз  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2024
Ел басына күн туса, қолыма қару аламын – 10 секундта автоматты шашып, жинайтын оқушы қыз

"Соңғы орнатқан рекордым 9 секундта шашып, 16 секундта жинадым. Менің ойымша, бұл таңғаларлық дүние емес. Мен автоматты 7 секундта бөлшектейтін оқушыларды да көргенмін. Бастысы адамның ниеті болуы керек", - дейді Алина Абдубекова.

Алина ел басына күн түссе жаумен де шайқасар едім дейді.
"Ел басына күн туса қару асынып, майданға да барар едім. Жастардың барлығы, әсіресе ер балалар қаруды қалай шашып, қалай жинауды білуі керек. Олардың басты парызы – әскерге барып, азаматтық борышын өтеу. Өйткені бізді қорғайтын – ер-азаматтар", – дейді оқушы қыз.
Ұлттық ұлан "Жас бүркіт" әскери-патриоттық қозғалысын ашқан. Бурыл мектебі ең бірінші болып меморандумға қол қойған. Нәтиже де жаман емес. Қазір әр сыныптан кемінде үш оқушы бұл қозғалысқа мүше. Мақсаттары – жар астынан жау шықса, қасқайып Отанды қорғау.
Мужчина собирает автомат, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2024
Оқушы қыз полицейлерді таңғалдырды – видео
Жаңалықтар
0