Оқушы қыз полицейлерді таңғалдырды – видео

© Sputnik / Игорь Подгорный / Медиабанкке өтуМужчина собирает автомат, архивное фото
Мужчина собирает автомат, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2024
Жазылу
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында оқушы қыз Калашников автоматын 10 секундта бөлшектеп, полицейлерді таңғалдырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігінің бастамасымен Бурыл ауылындағы 6 орта мектепте "Жас сақшы" кадет сыныбы ашылған болатын. Оған Халық қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың есімі берілді. Ол жерде 8-11 сынып оқушылары қосымша білім алады. Оқушыларға арнайы мектеп формасы да тігілді. Оқу бағдарламасы бекітілді. Қосымша пәндердің қатарына құқық негіздері, саптық және медициналық дайындық, қаруды бөлшектеп шашып жинау, эстетикалық және патриоттық тәрбие беру кіреді.
"Кадет сыныптарының құрылуы мен жұмыс істеуі өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеуге, балалардың құқықтық дүниетанымын, жоғары рухани-адамгершілік және моральдық-психологиялық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді", - дейді облыстық полиция бастығының орынбасары Қанат Сматов.
Осы жолы да кезекті сабақ Әнұранды орындаудан басталады. Одан кейін оқушылар өздерінің шеберліктерін, саптық дайындықтарын және арнайы дайындалған шығармашылық нөмірлерін көрсетті. Осы сыныптың оқушысы Калашников автоматын шашып-жинаудың 13 секундта орындалатын нормативті 10 секундта орындады. Іс-шара ант қабылдау және куәліктер тапсырумен аяқталды.
Жаңалықтар
0