https://sputnik.kz/20240426/su-tasqynynan-keyin-12-mynnan-astam-otbasy-memlekettik-komek-aldy-43922758.html
Су тасқынынан кейін 12 мыңнан астам отбасыға мемлекеттік қолдау көрсетілді
Су тасқынынан кейін 12 мыңнан астам отбасыға мемлекеттік қолдау көрсетілді
Sputnik Қазақстан
Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында 49 отбасыға қираған баспаналарының орнына үй мен пәтер берілді 26.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-26T12:38+0500
2024-04-26T12:38+0500
2024-04-26T12:44+0500
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e8/04/18/43875936_2:0:1278:718_1920x0_80_0_0_f7dd219fb628a00a31d4eec4162e43c4.jpg
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Қазақстанда ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу процесі жалғасып жатыр.Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және республиканың өзге де облысының тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға тиісті өтініштерін беріп жатыр. Бүгінгі таңда 21 658 өтінім қабылданды.
https://sputnik.kz/20240426/su-tasqynymen-kures-onirlerdegi-akhual-qanday-43916029.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/18/43875936_162:0:1119:718_1920x0_80_0_0_408721d191aaf0daddba323a97bb772a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны
Су тасқынынан кейін 12 мыңнан астам отбасыға мемлекеттік қолдау көрсетілді
12:38 26.04.2024 (жаңартылды: 12:44 26.04.2024) Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында 49 отбасыға қираған баспаналарының орнына үй мен пәтер берілді
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Қазақстанда ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу процесі жалғасып жатыр.
Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және республиканың өзге де облысының тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға тиісті өтініштерін беріп жатыр. Бүгінгі таңда 21 658 өтінім қабылданды.
26 сәуірдегі жағдай бойынша 12 642 отбасы 100 АЕК мөлшерінде 4,5 миллиард теңгеден астам мөлшерде біржолғы төлем алды. Қырылған мал үшін берілген өтемақы көлемі 211,5 млн теңгеге жетті.
Бүгінгі таңда зардап шеккен өңірлерде 3871 тұрғын үй тексеріліп, 2230 нысанда бағалау жұмыстары жүргізілді.
468 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуге 645 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді.
Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында 49 отбасыға қираған баспаналарының орнына үй мен пәтер берілді.
"Шығынды өтеу жұмыстары жалғасып жатыр және үкіметтің қатаң бақылауына алынған. Президент тапсырмасы бойынша барлық зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі", - делінген үкімет хабарламасында.