https://sputnik.kz/20240426/su-tasqynymen-kures-onirlerdegi-akhual-qanday-43916029.html
Су тасқынымен күрес: өңірлердегі ахуал қандай
Су тасқынымен күрес: өңірлердегі ахуал қандай
Sputnik Қазақстан
Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталды 26.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-26T11:54+0500
2024-04-26T11:54+0500
2024-04-26T11:54+0500
су тасқыны
төтенше жағдай
https://sputnik.kz/img/07e8/04/10/43695749_13:0:1268:706_1920x0_80_0_0_6f7fd098287416cbbbd81fe00ec187a0.jpg
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шаралар, тасқын салдарын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталды. Төтенше жағдайлар және полиция департаментінің қызметкерлері бірлесіп, су басқан аумақтарын күзетуде.Көмекке барған Ақтөбе, Түркістан облыстарының құтқарушылары Жайық өзенінің бойында орналасқан елді мекендерде су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу үшін Батыс Қазақстаннан Атырау облысына жіберілді.Атырау облысында Жайық өзенінде судың деңгейі көтерілгені байқалады. Атырау қаласында бөгеттерді салу жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда ұзындығы 240 км қорғаныс бөгеттері нығайтылды.Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында осы жылдың 4 сәуірінен бастап төтенше жағдай жарияланды.Қазіргі таңда 1210 тұрғын үй – су астында. Су тасқыны басталғалы бері Жем өзінің деңгейінің төмендеуіне байланысты 1710 жеке тұрғын үйден және басқа да нысандардан су тартылды.Облыста су тасқыны басталғалы 36 738 тұрғын, оның ішінде 8392 бала эвакуацияланды. 13 мыңнан астам мал қауіпсіз жерге айдалды.Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 6 082 тұрғын үй мен 2 584 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Республика бойынша 35 122 адам өз үйіне оралды. 8 520 адам – эвакуациялау пунктінде.Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 25 мыңнан астам адам, 3 мың техника, 634 су сору құралы, 268 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды.
https://sputnik.kz/20240424/su-tasqyny-qazaqstan-khalqyna-qory-soltustik-qazaqstan-oblysynda-100-turgyn-uy-salady-43878711.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/10/43695749_170:0:1111:706_1920x0_80_0_0_0e903e07e42f78e3830b6c4d090c2a4b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, төтенше жағдай
су тасқыны, төтенше жағдай
Су тасқынымен күрес: өңірлердегі ахуал қандай
Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталды
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шаралар, тасқын салдарын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.
Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталды. Төтенше жағдайлар және полиция департаментінің қызметкерлері бірлесіп, су басқан аумақтарын күзетуде.
Көмекке барған Ақтөбе, Түркістан облыстарының құтқарушылары Жайық өзенінің бойында орналасқан елді мекендерде су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу үшін Батыс Қазақстаннан Атырау облысына жіберілді.
Атырау облысында Жайық өзенінде судың деңгейі көтерілгені байқалады. Атырау қаласында бөгеттерді салу жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда ұзындығы 240 км қорғаныс бөгеттері нығайтылды.
Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында осы жылдың 4 сәуірінен бастап төтенше жағдай жарияланды.
Қазіргі таңда 1210 тұрғын үй – су астында. Су тасқыны басталғалы бері Жем өзінің деңгейінің төмендеуіне байланысты 1710 жеке тұрғын үйден және басқа да нысандардан су тартылды.
Облыста су тасқыны басталғалы 36 738 тұрғын, оның ішінде 8392 бала эвакуацияланды. 13 мыңнан астам мал қауіпсіз жерге айдалды.
Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 6 082 тұрғын үй мен 2 584 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Республика бойынша 35 122 адам өз үйіне оралды. 8 520 адам – эвакуациялау пунктінде.
Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 25 мыңнан астам адам, 3 мың техника, 634 су сору құралы, 268 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды.