Су тасқыны: "Қазақстан халқына" қоры Солтүстік Қазақстан облысында 100 тұрғын үй салады

© AFP 2024 / EVGENIY LUKYANOVВид с воздуха: поселок Заречный на окраине города Петропавловск, на севере Казахстана, недалеко от границы с Россией, во время принятия мер по защите от паводковых вод
Вид с воздуха: поселок Заречный на окраине города Петропавловск, на севере Казахстана, недалеко от границы с Россией, во время принятия мер по защите от паводковых вод  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2024
Жазылу
АСТАНА, 24 сәуір - Sputnik. "Қазақстан халқына" қоры мен Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі су тасқынынан зардап шеккен аудандарда 100 тұрғын үй салу туралы меморандумға қол қойды.
"Басты міндет – дайын инженерлік инфрақұрылымы мен коммуникациялары бар "Солнечный – 2" шағын ауданындағы құрылыс жұмыстарының барлық көлемін құжаттамалық тұрғыда қамтамасыз ете отырып, қажетті процедураларды қысқа мерзімде бастап жүргізуді көздейді", - делінген қордың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Су басқан аймақтарда жергілікті атқарушы органдар келтірілген залалды бағалауды және құрылысқа қажетті қорытындыларды дайындауды, оның ішінде болашақта су басу қаупі жоқ жерлерде жаңа үйлер үшін жер телімдерін бөлуді қамтамасыз етеді.
Масштабные паводки в Казахстане весной 2024 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2024
Солтүстік Қазақстанда су тасқынының екінші толқыны қай аудандарға қауіп төндіріп тұр
Жаңалықтар
0