https://sputnik.kz/20240425/qazaqstan-transaugan-temirzhol-qurylysyna-qatysuga-dayyn-43895180.html
Қазақстан трансауған теміржол құрылысына қатысуға дайын
Қазақстан трансауған теміржол құрылысына қатысуға дайын
Sputnik Қазақстан
Соңғы үш жылда Қазақстаннан Ауғанстанға экспорттық тасымалдау көлемі тұрақты түрде өсіп келеді 25.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-25T13:33+0500
2024-04-25T13:33+0500
2024-04-25T13:33+0500
ауғанстан
теміржол
https://sputnik.kz/img/07e8/04/19/43894855_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_ccdc5ca96a434abb33f4547b3dcab35d.jpg
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Қазақстандық делегацияның Ауғанстанға сапарындағы негізгі мәселелердің бірі – бірлескен көлік мүмкіндіктерін кеңейту. Қазақстан және Ауғанстан премьер-министрлерінің орынбасарлары Серік Жұманғарин мен Абдулании Барадардың 24 сәуірде өткен кездесуінде тараптар Орталық және Оңтүстік Азияны интеграциялау жобаларындағы ынтымақтастықты дамытуға өзара мүдделілік танытты.Атап айтқанда, қазақстандық тараптың трансауғандық дәлізді дамыту жобаларын: Термез – Мазари-Шариф – Кабул – Пешавар және Герат – Кандагар – Спин-Булдак темір жолдарын салу жөніндегі жобаларды іске асыруға қатысуға дайындығы белгіленді. Жоба Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында жүктерді жеткізу уақытын 10 есеге қысқартуға, сондай-ақ жүктерді тасымалдау құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Қазақстан темір жолдың жоғарғы құрылысына арналған материалдарды, өз өндірісінің шпалдары мен бекіткіштерін жеткізу арқылы трансауған магистралінің құрылысына қатысуға дайын.Соңғы үш жылда Қазақстаннан Ауғанстанға экспорттық тасымалдау көлемі тұрақты түрде өсіп келеді: 2023 жылы темір жол арқылы тасымалдау көлемі 2,7 млн тоннаны құрады, оның 1,5 млн тоннасы – ұн және астық. Бұл 2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда 14%-ға көп. Алдағы жылдарға арналған болжам – экспорттың 40%-ға ұлғаюы. Бұл ретте 2030 жылға қарай тасымалдардың 3 есе өсуі күтілуде.
https://sputnik.kz/20231221/qazaqstan-qytayga-qaray-zhana-temirzhol-sala-bastady-41081883.html
ауғанстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/19/43894855_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_76d006e778acc2fe98da9d43c1ba5368.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауғанстан, теміржол
Қазақстан трансауған теміржол құрылысына қатысуға дайын
Соңғы үш жылда Қазақстаннан Ауғанстанға экспорттық тасымалдау көлемі тұрақты түрде өсіп келеді
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Қазақстандық делегацияның Ауғанстанға сапарындағы негізгі мәселелердің бірі – бірлескен көлік мүмкіндіктерін кеңейту. Қазақстан және Ауғанстан премьер-министрлерінің орынбасарлары Серік Жұманғарин мен Абдулании Барадардың 24 сәуірде өткен кездесуінде тараптар Орталық және Оңтүстік Азияны интеграциялау жобаларындағы ынтымақтастықты дамытуға өзара мүдделілік танытты.
Атап айтқанда, қазақстандық тараптың трансауғандық дәлізді дамыту жобаларын: Термез – Мазари-Шариф – Кабул – Пешавар және Герат – Кандагар – Спин-Булдак темір жолдарын салу жөніндегі жобаларды іске асыруға қатысуға дайындығы белгіленді. Жоба Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында жүктерді жеткізу уақытын 10 есеге қысқартуға, сондай-ақ жүктерді тасымалдау құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Қазақстан темір жолдың жоғарғы құрылысына арналған материалдарды, өз өндірісінің шпалдары мен бекіткіштерін жеткізу арқылы трансауған магистралінің құрылысына қатысуға дайын.
Соңғы үш жылда Қазақстаннан Ауғанстанға экспорттық тасымалдау көлемі тұрақты түрде өсіп келеді: 2023 жылы темір жол арқылы тасымалдау көлемі 2,7 млн тоннаны құрады, оның 1,5 млн тоннасы – ұн және астық. Бұл 2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда 14%-ға көп. Алдағы жылдарға арналған болжам – экспорттың 40%-ға ұлғаюы. Бұл ретте 2030 жылға қарай тасымалдардың 3 есе өсуі күтілуде.