Экономика

Қазақстан Қытайға қарай жаңа теміржол сала бастады

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Бақты-Аягөз теміржолының құрылысы
Бақты-Аягөз теміржолының құрылысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.12.2023
Жазылу
Теміржолды 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Абай облысында ұзындығы 272 шақырымды құрайтын Бақты – Аягөз жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов телекөпір арқылы құрылыс жобасын ресми түрде іске қосты, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Жаңа желіні салу барысында Қытаймен Бақты – Шәуешек үшінші шекара өткелін ашу жоспарланып отыр.
Бақты – Аягөз теміржол желісі Қазақстан мен Қытай арасындағы өткізу қабілетін 28 миллионнан 48 млн тоннаға дейін ұлғайтуға, оңтүстіктегі өткізу бекеттеріндегі кептелісті жоюға және қосымша транзит көлемін тартуға мүмкіндік береді. Теміржол 2027 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Бақты – Аягөз жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды.
Строительство железной дороги Бахты - Аягоз - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.12.2023
Бақты – Аягөз жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды.
Ауқымды жоба жеке инвестордың қатысуымен МЖӘ қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Құрылыс барысында 11 станция, 47 көпір, 23 теміржол және 8 автомобиль өткелі, 5 жаяу жүргіншілер көпірі, 16 бақылау құрылыстары салынады. Осы мақсатта отандық өндірушілерден 500 мың бірліктен астам шпал және 36 тонна рельс сатып алу жоспарлануда. Жергілікті қамту кем дегенде 85% құрайды деп күтіліп отыр.
Премьер-министр магистраль құрылысы 1700-ден астам адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз ететінін атап өтті. Кеніштерді игеру және жүктерді түсіріп-тиеу бекеттерін ашу да жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
"Мұның барлығы Абай облысының ғана емес, бүкіл еліміздің экономикасына оң әсерін тигізеді. Бақты – Аягөз жобасы Қазақстан теміржол желісінің әлемдік көлік жүйесіне ықпалдасуын кеңейтеді", — деді Әлихан Смайылов.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов атап өткендей, жаңа желі қазақстандық экспорт көлемін, сондай-ақ Ресейден Қытайға және кері бағыттағы жүк транзитін арттыруға мүмкіндік береді.
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Бақты – Аягөз жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды.
Строительство железной дороги Бахты - Аягоз - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.12.2023
Бақты – Аягөз жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды.
"Бұл желі арқылы Абай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарынан және басқа өңірлерден келетін тауарлар өтеді. Екі жолды желі құрылысы – бірден жеткілікті қуаттылыққа ие болуға кепіл болып табылады. Жалпы бұл транзиттік жүктердің қосымша ағынын ашып, жақын маңдағы аймақтарды дамытуға серпін болмақ", — деді ол.
Алдағы үш жылда республикада барлығы 1300 шақырымнан астам теміржол салынады.
Жаңалықтар
0